Қазақстандағы дінтанулық білімнің өзекті мәселелері: Пікірталас алаңы

2025 жылдың 3 сәуірінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Философия және саясаттану факультеті Дінтану және мәдениеттану кафедрасының «Сапалы білім беру», «Тұрақты даму үшін серіктестік» тұрақты даму мақсаттары бойынша IV Халықаралық Фараби Форумы жобасы аясында ұйымдастырылған «Қазақстандағы дінтанулық білімнің өзекті мәселелері» атты пікірталас алаңы өткізілді.
Іс-шараны ұйымдастырған дінтану және мәдениеттану кафедрасының жетекшілері – филос.ғ.д., профессор К.М. Борбасова, PhD доктор Д.С. Утебаева мен PhD доктор У.А. Тунгатова болды. Форумға қатысқан спикерлер арасында Исламтану мамандығы бойынша PhD докторанты Рустем Молдахметов және дінтану мамандығы бойынша магистранттар Аружан Аманжолова мен Аяжан Сайлаубай өз ойларымен бөлісті. Шараға университеттің 1 курс дінтану студенттері қатысты.
Қатысушылар дінтанулық білімнің әлеуметтік және психологиялық аспектілері туралы пікірлерімен бөлісті. Пікірталас алаңының нәтижелері дінтанулық білімді дамытуда тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу үшін маңызды қадам болды. Бұл іс-шара Қазақстандағы жастар арасында дінтанулық сауаттылықты арттыру мен толеранттылықты қалыптастыруға бағытталған маңызды бастама болып табылады.
Басқа жаңалықтар


