IV Халықаралық Фараби форумы: Нәтижелер мен Жеңімпаздар!Farabi University

IV Халықаралық Фараби форумы: Нәтижелер мен Жеңімпаздар!

4 сәуір, 2025

3-5 сәуір аралығында ҚазҰУ-де IV Халықаралық Фараби форумы өтті. Бұл форум жас ғалымдарды, зерттеушілерді және студенттерді біріктіріп, ғылым мен инновацияның өзекті мәселелерін, сондай-ақ жаһандық тұрақты даму мақсаттарын талқылау алаңына айналды. Форум барысында Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) қол жеткізуге бағытталған зерттеулерге ерекше назар аударылды, соның ішінде сапалы білім (ТДМ 4), индустриалды инновациялар мен инфрақұрылым (ТДМ 9), тұрақты қалалар мен қауымдастықтар (ТДМ 11), мақсаттарға жету үшін серіктестік (ТДМ 17) тақырыптары қамтылды.

Конференция қорытындысы бойынша үздік ғылыми жұмыстар анықталды:

1 орын – Кузембаева Нұрайлым
2 орын – Лис Валерия
2 орын – Yodida Marchiannisa Arif
3 орын – Халижан Диана
3 орын – Мауленова Мөлдір
3 орын – Смагул Жандос & Беркін Дильназ

Арнайы номинациялар:
- Ең үздік баяндама үшін – Райхан Айнұр; Мұртаза Замира
- Зерттеу тақырыбының ауқымдылығы үшін – Абдимажит Д.Н.; Тұрлымбет Ш.Ә.
- Инновациялық көзқарасы үшін – Абджалов Данил; Назирова Ж.Ж.
- Зерттеу тақырыбының қолданбалығы үшін – Габиденқызы Елнура; Сакен Д.С.; Қасымова А.Ө.
- Жоғары зерттеу деңгейі үшін – Садық Іңкәр; Тлеулиева Гүлназ
- Зерттеу тақырыбының өзектілігі үшін – Сабикенова Айдана; Әбдірова Д.Е.
- Шығармашылық бейімі үшін – Sun Yawen; Нурмахамбетова А.Е.

 Жеңімпаздарды және барлық қатысушыларды құттықтаймыз! Ғылымға қосқан үлестеріңіз бен білімге деген ұмтылыстарыңыз шабыттандырады!