«ЖИТС – XXI ғасырдың обасы» тақырыбында дәріс

2025 жылы 25 наурызда Биотехнология кафедрасында ТМД 3 «Денсаулық пен амандық» жобасы аясында «ЖИТС – XXI ғасырдың обасы» тақырыбында дәріс өтті. Бұл іс-шара ТДМ 3.3 міндетіне сәйкес («Салауатты өмір салтын қамтамасыз ету және кез келген жаста барлығының амандығына жәрдемдесу») ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты: Студенттердің АИТВ/ЖИТС мәселесі туралы білімін арттыру, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау, ауру туралы кең таралған мифтерді жоққа шығару, алдын алу шараларын талқылау және АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға толерантты көзқарастың маңыздылығын көрсету. Іс-шара барысында студенттер АИТВ/ЖИТС, оның алдын алу, заманауи емдеу әдістері және әлеуметтік аспектілері туралы қызықты баяндамалар мен презентациялар жасады. Өткізу орны мен уақыты: Биология және биотехнология факультеті, Биотехнология кафедрасы, 415-аудитория, 15:00. Ұйымдастырушылар: Биотехнология кафедрасының профессорлары Асрандина С.Ш., Атабаева С.Д., және «6В070103 – Биотехнология» мамандығының 1 және 4 курс студенттері.
Басқа жаңалықтар

