Ұлттық мереке Наурызға орай ауызашар өткізілді

2025 жылдың 28 наурызында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Философия және саясаттану факультетінің «Дінтану және мәдениеттану» кафедрасында ұлттық мереке – Наурыз мейрамына орай ауызашар ұйымдастырылды. Ізгі шараны ұйымдастырушылар:кафедра аға оқытушысы Мәжен Ернар мен аға оқытушы, PhD Мұқан Нұрзат, Байжұма Сәмет рухани кештің жоғары деңгейде өтуіне атсалысты.
Бұл ауызашардың басты мақсаты – қасиетті Рамазан айының берекесін сезіну, студенттер мен оқытушылар арасындағы ынтымақ пен бауырмалдықты арттыру, сондай-ақ ұлттық құндылықтарды дәріптеу болды. Рамазан мен Наурыз – рухани тазалықтың, бірлік пен мейірімділіктің символы. Осы орайда ұйымдастырылған шара қатысушыларға имандылықтың, қонақжайлықтың, ізгілік пен қайырымдылықтың маңызын тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.
Ауызашар барысында қазақ халқының салт-дәстүрімен астасқан Наурыздың рухани қырлары, оның ислам мәдениетіндегі орны туралы әңгімелер айтылды. Сонымен қатар, қасиетті айда жақсылық жасау, өзара көмек көрсету, сабырлық пен шүкіршілік сынды құндылықтар жайлы да ой қозғалды.
70-студентке наурыз көже берілді.
Басқа жаңалықтар

