Салалық білімнің бәсі биікFarabi University

Салалық білімнің бәсі биік

22 қазан, 2024

Физика-техникалық факультетінің Плазма физикасы, нанотех­но­логия және компью­тер­лік физика кафедрасы оқытушыларының ұйымдастыруымен «Электр энергетикасы» ББ 2-курс студенттері арасында ҚР энерге­ти­касының дамуына арналған «Қазақстан энергетикасының бүгіні мен ертеңі» атты маңызды іс-шара өтті.

Студенттер командаларға бөлініп, плакат, макеттер мен презентациялар дайындап, елі­­­міздегі электр станса­ла­ры­ның өзекті мәселелерін баян­да­ды. Қатысушылар Қазақстан бойынша түрлі электр стан­са­ларының жұмысына тоқ­та­лып, олардың энергетикалық тиім­ді­лігін талдады. Сондай-ақ дәс­­түрлі электр станса­ла­ры­­мен қатар, жаңартылатын энер­­гия көздері арқылы жұмыс істейтін күн және жел стан­са­ларының да артықшылықтары мен кемшіліктерін талқылады. Дәстүрлі электр стан­сала­ры­ның артықшылықтары ара­сын­да олардың жоғары қуаты мен тұрақтылығын келтіріп, көмір­те­гі диоксидінің жоғары шыға­рын­дылары мен эколо­гияға берер теріс әсері секілді елеулі кемшіліктерін де атап көрсетті. Жаңартылатын энергия көзде­рі­нің климаттық шектеулері бол­са да, қоршаған ортаға ми­нималды кері әсері мен энер­гияны пайдаланудағы шы­ғын­дардың төмендеуі негізінде болашақта жасыл энергети­ка­ның дамуына үлес қосатынына на­зар аударылды.

Бұл іс-шара студенттердің тұ­рақты даму принциптері мен энергетика саласының эко­ло­гиялық аспектілерін ескере оты­рып, Қазақстанда атом элек­тр стансасын салуға бай­ланысты қоғамдық маңызын айқын­дады. Іс-шара студент­тер­дің кәсіби білім алуда ой-өрісін кеңейтіп қана қоймай, ел энергетикасының дамуына үлес қосуда сапалы білімнің аса маңызды екенін айқындап берді. Осындай білім мен тә­жірибеге сүйенген білім алу­шылар жалпыхалықтық ре­фе­рен­думда дұрыс таңдау жа­­сады деп ойлаймыз.

Шолпан ӘБДИЕВА,

Ақмарал КЕНЖЕБЕКОВА,

ФПН және КФ кафедрасының аға оқытушылары