Кампустағы сенбілікFarabi University

Кампустағы сенбілік

4 сәуір, 2025

2025 жылдың 4 сәуір күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жалпыуниверситеттік сенбілігі аясында «6В02205-Тарих» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттерінің бастамасымен және ұйымдастыруымен сенбілік іс-шарасы өткізілді. Іс-шараға деканның оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Терекбаева Ж.М., деканның ғылыми инновациялық жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі орынбасары Сүйнова А.Т., факультеттің аға кураторы Ходжабай М.А., Дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының аға оқытушысы Дюсембек Ж. қатысты.

Бұл шараның мақсаты – ҚазҰУ қалашығының тазалығын сақтау және қоршаған ортаны қорғауға ынталандыру болды.

Студенттер белсенділік танытып, қоршаған ортаны көркейтуге өз үлестерін қосты. Бұл шара студенттердің экологиялық мәдениетін қалыптастыруға, ұжымдық жауапкершілік пен ынтымақтастықты нығайтуға бағытталды.