КЕҢІСТІК ПЕН УАҚЫТ АРҚЫЛЫ: ҒЫЛЫМҒА АРНАЛҒАН ӨМІР ДОКТОР ЭДГАР ХОФФМАНННЫҢ ЖАРҚЫН БЕЙНЕСІНЕ АРНАЛҒАНFarabi University

КЕҢІСТІК ПЕН УАҚЫТ АРҚЫЛЫ: ҒЫЛЫМҒА АРНАЛҒАН ӨМІР ДОКТОР ЭДГАР ХОФФМАНННЫҢ ЖАРҚЫН БЕЙНЕСІНЕ АРНАЛҒАН

11 сәуір, 2025

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Тұрақты даму мақсаттары аясында өтетін
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖОО-АРАЛЫҚ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

КЕҢІСТІК ПЕН УАҚЫТ АРҚЫЛЫ: ҒЫЛЫМҒА АРНАЛҒАН ӨМІР
ДОКТОР ЭДГАР ХОФФМАНННЫҢ ЖАРҚЫН БЕЙНЕСІНЕ АРНАЛҒАН

Дөңгелек үстелге Түркітану және тіл теориясы кафедрасының оқытушылары, магистранттары мен докторанттары, сондай-ақ профессор Эдгар Хоффманнның дәрістерін тыңдаған және онымен жеке таныс болу бақытына ие болған барлық жандар шақырылады.

Іс-шара еркін форматта өтеді. Қатысушылар Эдгар Хоффманнмен ғылыми тағылымдамалар, бірлескен іссапарлар, конференциялар мен жеке кездесулер кезінде болған естеліктерімен бөліседі.

Эдгар Хоффманн — көптеген ғылыми еңбектер мен жобалардың авторы, Вена Экономика және бизнес университетінің (Австрия) профессоры. Оның ғылыми қызығушылықтары жарнама тілі, іскерлік коммуникация, ономастика, тілдік болмыс, славистика тарихы және мәдениетаралық коммуникация салаларын қамтыды. Ол әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жас ғалымдарына дәріс оқып, докторанттарға және барлық ниет білдірушілерге кеңес берді.

Өтетін күні: 2025 жылғы 11 сәуір
Басталуы: Астана уақытымен 19:00
Форматы: онлайн
Ұйымдастырушы: әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Zoom платформасында өтеді:

https://us06web.zoom.us/j/81775412904?pwd=cGKdumIhRQReddmRYCGnFhtDDnVbEy.1

Конференция идентификаторы: 817 7541 2904
Құпия сөз: kaznu