Өмір салтының репродуктивті денсаулық пен бедеулік қаупіне әсері (ТДМ 3)

2025 жылғы 9 сәуірінде Молекулалық биология және генетика кафедрасында «7М05119 - Репродуктивті генетика» білім беру бағдарламасының 1 курс магистранты Баяндина Т.К. және PhD, доцент м.а. Ловинская А.В. ұйымдастыруымен «Өмір салтының репродуктивті денсаулық пен бедеулік қаупіне әсері» тақырыбында кураторлық сағат өтті. Іс-шараға «6В05105 – Генетика» білім беру бағдарламасының 1 курс студенттері қатысты.
Тәрбие сағаты барысында өмір салтының репродуктивті денсаулыққа әсеріне арналған дәріс өткізілді. Негізгі назар зиянды әдеттердің — темекі шегу, алкоголь және есірткі қолдану, физикалық белсенділіктің төмендігі мен созылмалы күйзелістің – ерлер мен әйелдердің ұрпақ өрбіту қабілетіне және болашақ ұрпақтың денсаулығына тигізетін кері әсеріне аударылды. Іс-шараның мақсаты – студенттердің ақпараттылығын арттырып, өз денсаулығына саналы және жауапкершілікпен қарауға үндеу болды. Іс-шараның тақырыбы Тұрақты даму мақсаттарының 3-мақсатына (ТДМ 3) – «Салауатты өмір мен әл-ауқатты қамтамасыз ету» аспектілеріне арналды.
Студенттердің белсенді қатысуын қамтамасыз ету мақсатында интерактивті пікірталас ұйымдастырылып, қатысушылар сұрақтар қойып, шынайы өмір мысалдарын талқылап, өз ойларымен бөлісті. Мұндай формат ақпаратты жақсы меңгеруге ықпал етіп, студенттерді өз әдеттері туралы ойлануға итермеледі. Көптеген студенттер тақырыпқа қызығушылық танытып, мұндай кездесулердің білім беру үдерісіндегі маңыздылығын атап өтті.
Молекулалық биология және генетика кафедрасы
Басқа жаңалықтар

