Оқыту сапасын арттыруFarabi University

Оқыту сапасын арттыру

10 сәуір, 2025

8 сәуірде рекреациялық география және туризм кафедрасының оқытушысы А.К. Ермакова «Туризм» білім беру бағдарламасының қазақ бөлімінің үшінші курс студенттеріне «Әлемнің танымдық, емдік-сауықтыру және спорттық туризм орталықтары» тақырыбында «Рекреациялық туризм» пәні бойынша ашық сабақ ұйымдастырды.

Ашық сабақ үш негізгі кезеңнен тұрды: теориялық бөлім, зерттеу жұмысы және практикалық бөлім. Студенттер үш топқа бөлінді:

1 кезең: студенттер танымдық, емдік-сауықтыру және спорттық туризм тақырыптары бойынша презентациялар дайындады. Әр топ өзінің туризм түрін, негізгі орталықтарын, артықшылықтары мен даму перспективаларын анықтап, оның маңыздылығын ашты.

2 кезең: танымдық, емдік-сауықтыру және спорттық туризмге қатысты әлемнің ірі туристік орталықтары туралы қызықты деректер мен статистикалық деректер ұсынылды. Ұсынылған ақпарат әр бағыттың ерекшеліктері мен тартымды жақтарын, сондай-ақ олардың әлемдік туризм индустриясындағы рөлін анықтауға мүмкіндік берді.

3 кезең: білімді бекіту мақсатында түрлі форматтағы онлайн-платформаларда викториналар өткізілді (тесттер, салыстыру, карта ойындары, "ақиқат/өтірік" тапсырмалары). Бұл кезең студенттердің қызығушылығын арттыруға және интерактивті білім беру ортасын құруға ықпал етті.

Сабақ жоғары деңгейде өтті. Студенттер белсенділік танытып, білімдерін кеңейтті. Әр топ тыңдаушыларға пайдалы және мазмұнды ақпарат бере отырып, тапсырманы орындауға шығармашылықпен қарады. Ойын элементтері мен интерактивті әдістер сабақты қызықты әрі тиімді етті.

Сабақ ТДМ 4 аясында өткізілді.