«Био-полимерлер және оларды қолдану мүмкіндіктері» атты дөңгелек үстел

2025 жылдың 10 сәуірінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің биология және биотехнология факультетінде «Био-полимерлер және оларды қолдану мүмкіндіктері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шара аралас форматта (online/offline) ұйымдастырылды.
Бұл шараның мақсаты — био-полимерлерді зерттеу және оларды түрлі салаларда — қоршаған ортаны қорғау, медицина, нанотехнологиялар салаларында қолдану мәселелерін талқылау. Дөңгелек үстел жұмысына Қазақстан мен Өзбекстанның жетекші ғалымдары, зерттеушілері, оқытушылары мен студенттері қатысты.
Факультет деканы Құрманбаева Меруерт Сәкенқызы құттықтау сөз сөйлеп, дөңгелек үстелдің модераторы болып биотехнология кафедрасының меңгерушісі, б.ғ.к., қауымдастырылған профессор Кистаубаева Аида Серікқызы сөз жүргізді.
Дөңгелек үстел аясында келесі баяндамалар тыңдалды:
Қалдбеков Дәулет, PhD, қауымдастырылған профессор – Ішқуыстық дәрілік заттарды жеткізуге арналған жаңа мукоадгезивтік жүйелерді әзірлеу;
Мұқашева Тоғжан Жәнгелдіқызы, б.ғ.д., профессор – Шырыш түзуші бактериялардың экзополисахаридтері;
Ведяшкина Наталья Васильевна, PhD, аға ғылыми қызметкер – Микробты полисахаридтер негізінде күйікке қарсы гидрогельдер;
Жантлесова Сирина Дүйсенқызы, PhD, аға ғылыми қызметкер – Пробиотиктерді қорғау және оларды асқорыту жолдарына жеткізу үшін бактериалды целлюлозаны биополимер ретінде қолдану.
Іс-шара соңында қатысушылар био-полимерлердің ғылыми және қолданбалы қызметтегі маңыздылығы мен болашағы жоғары екендігін атап көрсеткен қарар қабылдады.
Басқа жаңалықтар

