- Басты бет
- Жаңалықтар
- Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті, Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының магистранттары Санкт-Петербург мемлекеттік университетінде тағылымдамадан өтті
Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті, Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының магистранттары Санкт-Петербург мемлекеттік университетінде тағылымдамадан өтті

Кафедраның 2-курс магистранттары 20 наурыз бен 3 сәуір аралығында Ресейдің Санк-Петербург қаласында ғылыми тағылымдамадан өтіп келді. 2 аптаға жалғасқан тағылымдама кезінде магистранттар Санкт-Петербург мемлекеттік университетінің Ботаника кафедрасы мен В.Л. Комаров атындағы Ботаника институтында болып, бұл саладағы біліктерін шыңдай түсті.
Атап айтқанда, тағылымдамадан өткен магистранттар Биология және Геоботаника мамандықтары бойынша маманданып жатқан Тұрсымбай К.С., Әлиәкім А., Қойшекенова Д., Бекенова А., Қалықова Ж., Бекбосын Н. тағылымдамадан өту барысында бірегей ірі гербарий қоры сақталған В.Л. Комаров атындағы Ботаника институтының Гербарий орталығында ТДМ-ның 15-бағытына сай жұмыс істеп, гербарий қорын сұрыптау, цифрландыру және ғылыми өңдеу әдістерімен танысты. Сонымен қатар, гербарийде сақталған Қазақстан флорасына қатысты сирек үлгілермен тікелей жұмыс жасау мүмкіндігіне ие болды.
Магистранттар тағылымдама кезінде ТДМ-ның 4-бағыты бойынша институт және университет базасында өткен бірқатар дәрістер мен семинарларға қатысып, ботаника ғылымындағы заманауи бағыттар, флористикалық зерттеулердің халықаралық стандарттары бойынша білімдерін толықтырды.
Тағылымдама жас зерттеушілер үшін кәсіби дамуға, ғылыми байланыстар орнатуға және болашақ зерттеу жұмыстарының бағыттарын айқындауға үлкен мүмкіндік берді. Бұл тағылымдаманы ТДМ-ның 17-бағытына сәйкес, болашақта екі университет арасында бірігіп жасалатын жобаларға бастама болды деп есептеуге болады.
Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы
Басқа жаңалықтар

