Шекарасыз ғылым: магистранттарымыз — үздіктер қатарында!Farabi University

Шекарасыз ғылым: магистранттарымыз — үздіктер қатарында!

14 сәуір, 2025

2025 жылғы 11 сәуірде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Фармация» білім беру бағдарламасы бойынша магистранттар Қазақстан медициналық университеті «Жоғары қоғамдық денсаулық сақтау мектебі», Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясы жанындағы Жас ғалымдар кеңесі, С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті және Абуали ибни Сино атындағы Тәжік мемлекеттік медицина университетінің ұйымдастыруымен өткен «ДЕНСАУЛЫҚҚА КӨПІР: ғылым және клиника» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конгреске қатысты.

🔬 Конгресс аясында фармацевтикалық ғылым мен тәжірибенің өзекті бағыттарын қамтыған магистранттардың ғылыми баяндамалары ұсынылды.

📊 Сараптамалық бағалау нәтижелері бойынша:
▪️ Божбанбаева Гүзель Жарасовна (1 курс) — 1 орын
▪️ Құдайберген Әзиза Асылбекқызы (2 курс) — 2 орын

🎓 Жеңімпаздарды лайықты марапаттарымен құттықтаймыз! Ғылыми және кәсіби жолдағы жаңа жетістіктер мен сәттіліктер тілейміз!