«Деректермен жұмыс істеудің жаңа әдістерін қолдана отырып, әлеуметтік ғылымдардың мүмкіндіктерін кеңейту» атты семинар ҚазҰУ-да сәтті өттіFarabi University

«Деректермен жұмыс істеудің жаңа әдістерін қолдана отырып, әлеуметтік ғылымдардың мүмкіндіктерін кеңейту» атты семинар ҚазҰУ-да сәтті өтті

15 сәуір, 2025

2025 жылғы 15 сәуірде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Деректермен жұмыс істеудің жаңа әдістерін қолдана отырып, әлеуметтік ғылымдардың мүмкіндіктерін кеңейту» тақырыбында ғылыми семинар өтті.

Іс-шараны ұйымдастырушылар: Санкт-Петербургтегі Еуропа университетінің Есептік әлеуметтік ғылымдар мектебі, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың рекреациялық география және туризм кафедрасы және математика кафедрасы.

📍 Өткізу орны:
Алматы қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 71/27,
Әл-Фараби кітапханасы, Абай залы (308-кабинет)

Семинар аралас форматта (онлайн және офлайн) өтіп, деректерді талдаудың заманауи тәсілдеріне және олардың әлеуметтік ғылымдарда қолданылуына қызығушылық танытқан студенттерді, оқытушылар мен зерттеушілерді жинады.

Семинар аясында келесі баяндамашылар сөз сөйледі:

  • Ксения Тенишева, әлеум. ғыл. канд., доцент
    Санкт-Петербург, Еуропа университеті, Есептік әлеуметтік ғылымдар мектебі
    Баяндаманың тақырыбы: «Болжамнан фактіге: қоғамды зерттеудегі деректердің күші»

  • Лаззат Спанкулова, э.ғ.д., профессор, экономист-математик
    әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, География және табиғатты пайдалану факультеті
    Баяндаманың тақырыбы: «Ұлт саулығы экономикасы: деректермен жұмыс істеу»

  • Юлия Вымятнина, экон. ғыл. канд., профессор
    Санкт-Петербург, Еуропа университеті, Есептік әлеуметтік ғылымдар мектебі
    Баяндаманың тақырыбы: «Қолданбалы макроэкономистің құралдарындағы жаңа деректер мен әдістер»

Семинарға әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың математика кафедрасының ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі меңгеруші орынбасары Досмағұлова Қарлығаш Алматқызы және кафедра оқытушылары белсене қатысты. Олардың қатысуы әлеуметтік және экономикалық зерттеулерде математикалық әдістерді қолдану мүмкіндіктерін тереңірек талқылауға жол ашты.

Семинар білім алмасуға, пәнаралық байланысты нығайтуға және гуманитарлық ғылымдарда деректерді талдаудың инновациялық әдістерін ілгерілетуге арналған маңызды ғылыми алаң болды.

Бұл семинар БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ), атап айтқанда ТДМ 4 "Сапалы білім" және ТДМ 17 "Тұрақты даму мүддесіндегі серіктестік" бағыттарына тікелей үлес қосады. Іс-шара қазақстандық және халықаралық ғылыми ұйымдар арасындағы сәтті академиялық әріптестіктің үлгісі болды және заманауи цифрлық және аналитикалық әдістерді білім беру мен зерттеу процесіне енгізудің маңыздылығын көрсетті.

Досмағұлова Қарлығаш Алматқызы,

Математика кафедрасының меңгерушісінің ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары

Иманбердиев Канжарбек,

Математика кафедрасының меңгерушісі