Диас Алимбетов – IV Фараби форумының жартылай финалисіFarabi University

Диас Алимбетов – IV Фараби форумының жартылай финалисі

14 сәуір, 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде IV Халықаралық Фараби форумының жабылу салтанаты өтті. Форум аясында үздік студенттік инновациялық жобалар таныстырылды.

Бизнес-инкубаторлар байқауында жарқырай көрінген қатысушылардың бірі – биология және биотехнология факультетінің биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасының 2-курс студенті, «Нейроғылым» білім беру бағдарламасының магистранты Диас Алимбетов болды.

Оның жобасы биологиялық кері байланыс (biofeedback) және электроэнцефалография (ЭЭГ) технологияларына негізделген нейрожаттығуларды әзірлеуге арналған. Бұл әзірлеме инвазивті емес жолмен стрессті төмендету мен когнитивті функцияларды жақсартуға бағытталған.

Жоба форум сарапшылары мен қатысушыларының қызығушылығын тудырды және ғылыми әрі қолданбалы әлеуетінің жоғары екендігін көрсетті. Диастың жобасы заманауи нейроғылым жетістіктері мен кәсіпкерлік көзқарастың табысты үйлесуінің жарқын үлгісіне айналды.