- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Фараби әлемі» конференциясындағы «Медициналық білім» секциясының қорытындылары
«Фараби әлемі» конференциясындағы «Медициналық білім» секциясының қорытындылары

2025 жылдың 4 сәуірінде «Фараби әлемі» халықаралық студенттер мен жас ғалымдар конференциясында Денсаулық сақтау саясаты және ұйымдастыру кафедрасы «Медициналық білім: заманауи трендтер мен мүмкіндіктер» секциясын модерациялады. Секцияда 20‑дан астам қатысушы баяндамаларын ұсынды.
Барлық секция жеңімпаздарының баяндамаларын қайта тыңдау қорытындысы бойынша келесі дипломдар табысталды:
• I дәрежелі диплом (1 жұмыс)
– Шегай Ламия Павловна, Хайдарова Меруерт Саматовна, Мади Алибек Кучкарұлы, Даиров Ислам Жасуланович, Бисембаев Мансур Женисович, Варельджан Диана Ильинична
– «Медицина» білім беру бағдарламасы 1‑курс студенттері, әл‑Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы қ.
– Тақырыбы: «Медицина университеті студенттерінің психологиялық және эмоционалдық жағдайы»
• II дәрежелі диплом (1 жұмыс)
– Алтынғазы Мөлдір Рақымбердіқызы
– «Стоматология» білім беру бағдарламасы 5‑курс студенті, әл‑Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы қ.
– Тақырыбы: «Гнаталогия — тіс-ауыз жүйесінің қызметін қалпына келтірудің негізі»
• III дәрежелі диплом (1 жұмыс)
– Саматов Арман Малибекович
– «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасы 2‑курс магистранты, әл‑Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы қ.
– Тақырыбы: «Жетісу (Жоңғар) Алатауында спорттық туризмді дамыту перспективалары»
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және барша қатысушылар мен модераторларға қызықты баяндамалары үшін алғыс айтамыз!
Басқа жаңалықтар


