ҚазҰУ қабырғасында Қытай ЖОО-ларының ІІ көрмесі өтті! Тарих факультеті халықаралық серіктестікті кеңейтуді көздейді!Farabi University

ҚазҰУ қабырғасында Қытай ЖОО-ларының ІІ көрмесі өтті! Тарих факультеті халықаралық серіктестікті кеңейтуді көздейді!

18 сәуір, 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Қытайда білім алу және қытай тілі емтиханы (HSK)» тақырыбындағы Қытай университеттерінің ІІ халықаралық көрмесі жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Ауқымды іс-шараны Қытайдың Халықаралық қытай тілі тест орталығы мен ҚазҰУ бірлесіп өткізді.

Көрмеге Қытай Халық Республикасынан 40-қа жуық жоғары оқу орны қатысты. Бұл шара – білім мен ғылым саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге, академиялық алмасулар мен бірлескен жобаларды жүзеге асыруға үлкен мүмкіндік тудырды.

Аталған көрмеге ҚазҰУ Тарих факультеті де белсенді түрде қатысып, Қытайдың жетекші университеттерімен байланыс орнатуға ұмтылды. Факультет үшін бұл — академиялық ұтқырлықты арттыруға, қос дипломды бағдарламалар мен ғылыми ынтымақтастық аясын кеңейтуге бағытталған маңызды алаң болды.

Көрме барысында факультет өкілдері Пекин университеті, Чжэцзян университеті, Сямэнь университеті,Ланчжоу университеті, Нанькай университеті, Бейжің университеті, Синьцзян университеттерімен танысып, алдағы бірлескен ғылыми-зерттеу жобалары мен білім алмасу бағдарламаларының мүмкіндіктерін қарастырды.

Осындай форматтағы халықаралық көрмелер екі ел арасындағы академиялық байланысты нығайтып қана қоймай, өзара мәдени түсіністікті арттырып, жас ғалымдар мен студенттерге жаһандық білім беру кеңістігіне енуге жол ашады.

Қазақстан тарихы кафедрасының оқытушысы

Бекбауова Жұлдыз Маратқызы