Қазақстан археологиясының әлемдік археологиядағы орны мен тарихи туризмді дамыту мәселелеріFarabi University

Қазақстан археологиясының әлемдік археологиядағы орны мен тарихи туризмді дамыту мәселелері

22 сәуір, 2025

22 сәуір күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарих факультетінде Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті археология және этнология кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Кембридж университетінің Макдональд атындағы Археология институтының «Болашақ» бағдарламасы бойынша стипендиаты Үмітқалиев Ұлан Үмітқалиұлының көшбасшылық дәрісі өтті.

Жас ұрпаққа көшбасшылық дағдыларын қалыптастыруға арналған бұл дәріс ерекше маңызды әрі мазмұнды болды. Ұлан Үмітқалиұлы өзінің бай тәжірибесімен бөлісіп, болашақ көшбасшылар үшін қажетті қасиеттер мен тиімді әдістер туралы құнды ойлар айтты. Студенттер мен оқытушылар қауымы қызығушылықпен тыңдап, өздеріне қажетті ақпараттарды алды. Бұл шара жастардың көшбасшылық әлеуетін арттыруға зор үлес қосты.