ҚазҰУ ректоры қырғыз әдебиетінің өкілдерімен кездесті

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне келген қырғыз әдебиетінің өкілдерімен оқу ордасының ректоры Жансейіт Түймебаев кездесу өткізді.
Жүздесуде Жансейіт Түймебаев Қырғызстаннан келген ақын-жазушыларға ризашылығын білдіріп, мәдениет пен тарихты дамыту бойынша университетте атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде ақпарат берді.
Сөз соңында оқу ордасының басшысы делегация мүшелеріне арнайы марапаттарды табыстады.
Сонымен қатар Қырғыз Республикасының Халық жазушысы Абдиламит Матисаковқа «Farabi» алтын медалі берілді.
Өз кезегінде құрметті қонақтар ілтипат білдіргені үшін университет басшылығына және ұжымына алғыстарын жеткізді.
Айта кетейік, екікүндік сапар барысында қырғыз әдебиетінің өкілдері студент жастармен шығармашылық кездесу өткізген болатын.
Аталған басқосу екі ел арасындағы әдеби, мәдени байланыстарды нығайтуға және жастардың көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыруға бағытталған.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі
Басқа жаңалықтар

