- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Саясаттану» мамандығы бойынша ХVІІ Республикалық студенттік пәндік олимпиаданың БАҒДАРЛАМАСЫ
«Саясаттану» мамандығы бойынша ХVІІ Республикалық студенттік пәндік олимпиаданың БАҒДАРЛАМАСЫ

Олимпиадаға қатысуға «6В03106-Саясаттану» мамандығы бойынша оқитын қазақстандық жоғары оқу орындарының студенттері - саясаттану пәндік олимпиадасының ЖОО ішіндегі (бірінші) кезеңінің жеңімпаздары шақырылады.
Қатысу тілі: қазақ, орыс.
Қатысушылардың өздерімен бірге жеке куәлігі болуы тиіс, олимпиадаға қатысуға кешігіп келгендер жіберілмейді.
1, 2, 3 орын алған республикалық олимпиаданың жүлдегерлері Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің дипломдарымен марапатталады.
Өткізу түрі: оффлайн
Өтетін күні: 2025 жылғы 29 сәуір
Өткізу уақыты: 12.30-17.30
Өтетін орны: Философия және саясаттану факультеті, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті., Масанчи, 39, Алматы қ.
29 сәуір 2025ж. |
|
12.30-13.00 |
Қатысушыларды тіркеу |
13.00-13.10 |
Олимпиаданың салтанатты ашылуы, философия және саясаттану факультеті деканының, саясаттану және саяси технологиялар кафедрасы меңгерушісінің құттықтау сөздері |
I тур |
|
13.10-14.10 |
Командалық жұмыс. Команданың тұсаукесері және сәлемдесуі (команданың атауы, ұраны, ғылыми жетекшісі, құрамы (5 минут). Үй тапсырмасы – «Саясаттанушы мамандық және кәсіп ретінде» тақырыбында презентация дайындау. Ең жоғары балл - 20 балл |
14.10-14.20 |
Бірінші турдың нәтижелерін жариялау |
II тур |
|
14.20-15.20 |
Ғылыми-зерттеу жұмыстарының жобаларын қорғау (7-8 минут). Жобалар келесі тақырыптар аясында ұсынылады: 1. Қазақстан Республикасының саяси жүйесі 2. Мемлекет және азаматтық қоғам: өзара әрекеттесу стратегиясы 3. Жастардың саяси мәдениетін арттыру жолдары 4. Қазақстандағы наразылық әлеуеті және оның салдары 5. Этносаралық жанжалдардың алдын алу: конструктивті әдістер 6. Климаттың өзгеруінің саяси салдары 7. Жаһандық қатерлердің Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне әсері 8. Саяси дағдарысқа қарсы мемлекеттік саясаттың әдістері 9. Технология және демократия: цифрлық технологияның саяси үдерістерге әсері 10. Жаһандық дағдарыстар жағдайындағы дипломатияның әсері 11. Орталық Азиядағы интеграция: болашағы және мүмкіндіктері Максималды балл - 40 балл |
15.30-15.40 |
Екінші турдың нәтижелерін жариялау |
III тур |
|
15.40-16.20 |
Зияткерлік ойын «Ойлан-тап» Максималды балл – 40 балл Балдар бойынша даулы мәселелер туындаған жағдайда IV тур ұйымдастырылады. |
16.20-16.30 |
Үшінші турдың нәтижелерін жариялау |
IV |
|
16.30-16.50 |
Капитандар байқауы. Пікірсайыс. |
16.50-17.00 |
Төртінші турдың нәтижелерін жариялау. |
Олимпиаданың ресми жабылуы |
|
17.00-17.30 |
Қорытындылау, жеңімпаздарды марапаттау. |
Басқа жаңалықтар


