- Басты бет
 - Жаңалықтар
 - «Саясаттану» мамандығы бойынша ХVІІ Республикалық студенттік пәндік олимпиаданың БАҒДАРЛАМАСЫ
 
«Саясаттану» мамандығы бойынша ХVІІ Республикалық студенттік пәндік олимпиаданың БАҒДАРЛАМАСЫ
                Олимпиадаға қатысуға «6В03106-Саясаттану» мамандығы бойынша оқитын қазақстандық жоғары оқу орындарының студенттері - саясаттану пәндік олимпиадасының ЖОО ішіндегі (бірінші) кезеңінің жеңімпаздары шақырылады.
Қатысу тілі: қазақ, орыс.
Қатысушылардың өздерімен бірге жеке куәлігі болуы тиіс, олимпиадаға қатысуға кешігіп келгендер жіберілмейді.
1, 2, 3 орын алған республикалық олимпиаданың жүлдегерлері Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің дипломдарымен марапатталады.
Өткізу түрі: оффлайн
Өтетін күні: 2025 жылғы 29 сәуір
Өткізу уақыты: 12.30-17.30
Өтетін орны: Философия және саясаттану факультеті, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті., Масанчи, 39, Алматы қ.
| 
			 29 сәуір 2025ж.  | 
		|
| 
			 12.30-13.00  | 
			
			 Қатысушыларды тіркеу  | 
		
| 
			 13.00-13.10  | 
			
			 Олимпиаданың салтанатты ашылуы, философия және саясаттану факультеті деканының, саясаттану және саяси технологиялар кафедрасы меңгерушісінің құттықтау сөздері  | 
		
| 
			 I тур  | 
		|
| 
			 13.10-14.10  | 
			
			 Командалық жұмыс. Команданың тұсаукесері және сәлемдесуі (команданың атауы, ұраны, ғылыми жетекшісі, құрамы (5 минут). Үй тапсырмасы – «Саясаттанушы мамандық және кәсіп ретінде» тақырыбында презентация дайындау. Ең жоғары балл - 20 балл  | 
		
| 
			 14.10-14.20  | 
			
			 Бірінші турдың нәтижелерін жариялау  | 
		
| 
			 II тур  | 
		|
| 
			 14.20-15.20  | 
			
			 Ғылыми-зерттеу жұмыстарының жобаларын қорғау (7-8 минут). Жобалар келесі тақырыптар аясында ұсынылады: 1. Қазақстан Республикасының саяси жүйесі 2. Мемлекет және азаматтық қоғам: өзара әрекеттесу стратегиясы 3. Жастардың саяси мәдениетін арттыру жолдары 4. Қазақстандағы наразылық әлеуеті және оның салдары 5. Этносаралық жанжалдардың алдын алу: конструктивті әдістер 6. Климаттың өзгеруінің саяси салдары 7. Жаһандық қатерлердің Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне әсері 8. Саяси дағдарысқа қарсы мемлекеттік саясаттың әдістері 9. Технология және демократия: цифрлық технологияның саяси үдерістерге әсері 10. Жаһандық дағдарыстар жағдайындағы дипломатияның әсері 11. Орталық Азиядағы интеграция: болашағы және мүмкіндіктері Максималды балл - 40 балл  | 
		
| 
			 15.30-15.40  | 
			
			 Екінші турдың нәтижелерін жариялау  | 
		
| 
			 III тур  | 
		|
| 
			 15.40-16.20  | 
			
			 Зияткерлік ойын «Ойлан-тап» Максималды балл – 40 балл Балдар бойынша даулы мәселелер туындаған жағдайда IV тур ұйымдастырылады.  | 
		
| 
			 16.20-16.30  | 
			
			 Үшінші турдың нәтижелерін жариялау  | 
		
| 
			 IV  | 
		|
| 
			 16.30-16.50  | 
			
			 Капитандар байқауы. Пікірсайыс.  | 
		
| 
			 16.50-17.00  | 
			
			 Төртінші турдың нәтижелерін жариялау.  | 
		
| 
			 Олимпиаданың ресми жабылуы  | 
		|
| 
			 17.00-17.30  | 
			
			 Қорытындылау, жеңімпаздарды марапаттау.  |