Алматы қаласындағы №178 мектептің бітіруші түлектері Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да кәсіби бағдарлау шарасына қатыстыFarabi University

Алматы қаласындағы №178 мектептің бітіруші түлектері Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да кәсіби бағдарлау шарасына қатысты

28 сәуір, 2025

2025 жылғы сәуір айының 24 күні Әл-Фараби атындағыҚазақ ұлттық университетінің ЭжБЖМ Бизнес-технологиялар кафедрасы Алматы қаласы №178 жалпыбілім беретін мектептің 11-сынып оқушыларына арнап ТДМ 3 аясында кәсіби бағдар беру мақсатымен іс-шара өткізді.Шара барысында оқушылар университет өмірімен, оқу үдерісімен және білім беру бағдарламаларымен танысты. Әсіресе, кафедра даярлайтын "Маркетинг" және"Логистика" (сала бойынша) білім беру бағдарламаларына ерекше назар аударылды. Оқушыларға бұл салалардыңқазіргі еңбек нарығындағы маңызы, кәсіби даму мүмкіндіктері және халықаралық стандарттарға сай білімалу жолдары кеңінен түсіндірілді. Кафедра оқытушылары оқушылармен интерактивті форматта кездесіп, кәсіби бағыт-бағдар беріп, сұрақтарына жауап берді. Университеттің материалдық-техникалық базасы, зертханалар мен оқу аудиториялары, мұражай, кітапханакөрсетіліп, болашақ студенттердің оқу процесімен жақынтанысуына мүмкіндік жасалды. Іс шарада «ONE Technologies» ЖШС-нің басарушы директоры АрманСейсенбеков, Exim.kz ЖШС-нің директоры КарановаЖанаргуль және кафедраның 1 курс докторанты Көшетаев Диас, 1 курс магистранты Мұрат Нұрдәулет пен 3 курс студенттері де өз пікірлерімен бөлісті.Аталған іс-шара мектеп түлектеріне саналы мамандық таңдауға көмектесіп, жоғары білім алу жолындағы алғашқы қадамдарын сенімді жасауға ықпал етті.

Бизнес-технологиялар кафедрасы заманауи білім беру технологияларын пайдалана отырып, сұранысқа ие, бәсекеге қабілетті мамандар даярлауды басты мақсат етіп қойып отыр. Кафедра түлектері еліміздің түрлі саладағы ірікомпанияларында, мемлекеттік және халықаралықұйымдарда табысты еңбек етуде.