- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Әлеуметтануда салалық бағыттардың пайда болуы және дамудың бастапқы кезеңі. Чикаго әлеуметтану мектебі» тақырыбында ашық дәріс
«Әлеуметтануда салалық бағыттардың пайда болуы және дамудың бастапқы кезеңі. Чикаго әлеуметтану мектебі» тақырыбында ашық дәріс

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының «7М03101 – Әлеуметтану» БББ магистранты Махсұтова Ақмарал Алтынбекқызы 2025 жылдың 08 сәуір күні «6B03101-Әлеуметтану» білім беру бағдарламасы бойынша бакалавриаттың 1-курс студенттеріне әлеум.ғ.д, профессор Г.С. Абдираймова және ғылыми жетекші әлеум.ғ.к, Г.А. Кенжакимованың жетекшілігімен «Әлеуметтануда салалық бағыттардың пайда болуы және дамудың бастапқы кезеңі. Чикаго әлеуметтану мектебі» тақырыбында ашық дәріс өткізді.
Ашық дәрісте әлеуметтану ғылымының қалыптасу кезеңдері, салалық бағыттардың пайда болу үдерістері талқыланды. Дәріс барысында Чикаго мектебінің қолданбалы және эмпирикалық әлеуметтанудың дамуына қосқан үлесі қарастырылды. Сонымен қатар, дәрісте осы мәселелер қарастырылып, студенттерге түсіндірілді:
- Әлеуметтанудағы салалық бағыттардың пайда болуына себеп болған әлеуметтік-тарихи жағдайлар;
- Чикаго мектебінің қалалық, миграциялық және девианттық мінез-құлықты зерттеудегі рөлі;
- Чикаго мектебі қолданған зерттеу әдістері;
- Әлеуметтанудағы далалық және сапалық зерттеу әдістерінің маңызы.
Дәріс интерактивті форматта өтіп, студенттер белсенділік танытып, тақырып бойынша сұрақтар қойып, өз ой-пікірлерін білдірді.
Басқа жаңалықтар


