Біздің жеңісіміз!Farabi University

Біздің жеңісіміз!

2 мамыр, 2025

Біз сіздерге қуана хабарлаймыз: «6В02301 – Шетел филологиясы» мамандығының 2-курс студенті, талантты Нұрахметова Радмила Қазақ университетінің атынан Республикалық корей тілі пәндік олимпиадасында жоғары деңгейде өнер көрсетіп, 3-орын иеленді. Бұл жетістік жастардың шетел тілдері мен мәдениеттерін меңгеруге деген қызығушылығы мен жоғары дайындығының дәлелі.

Олимпиада 29-30 сәуір күндері Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде өтті. Бұл байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен студенттер қатысып, грамматика, лексика, Корея мәдениеті бойынша білімдерін, сондай-ақ ауызекі сөйлеу қабілеттерін көрсетті. Радмила өзінің ерекше қабілеттерін көрсетіп, мықты қарсыластардың арасынан жүлделі орынға ие болды.

«Біз студенттеріміздің, соның ішінде Радмиланың жетістіктерімен мақтанамыз. Ол олимпиадаға дайындық барысында үлкен еңбекқорлық пен мақсаткерлікті көрсетті», – деді Қиыр Шығыс кафедрасының меңгерушісі Абаган Әкерке Болатбекқызы. «Бұл тек оның жеке жеңісі ғана емес, бүкіл ұжымымыздың жетістігі».

Нұрахметова Радмила білімін жалғастыруда және болашақта корей тілін терең меңгеруді, сондай-ақ алдағы олимпиадалар мен байқауларға қатысуды жоспарлап отыр. Бұл жетістік оның тілдер мен халықаралық қатынастар саласындағы табысты мансабының бастауы болатынына сенімдіміз.

Радмиланы құттықтаймыз және оған алдағы уақытта да сәттілік тілейміз!

                                                                                                                                                                                                                                                 Пак Т. Н.