Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының студенттері: барлық бағытта жеңіспен!Farabi University

Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының студенттері: барлық бағытта жеңіспен!

6 мамыр, 2025

Сәуір айы Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының студенттері үшін жеңістер мен жетістіктерге толы болды. Кафедра отырысында сәуір айында университет атынан түрлі ғылыми және шығармашылық алаңдарда сәтті өнер көрсеткен белсенді әрі дарынды студенттер марапатталды !

🏆 Құттықтаулар:

🔹 Шаймерден Алина мен Мұхамбетқалиева Ботагөз – М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде өткен XVII Республикалық пәндік олимпиаданың жеңімпаздары (ғылыми жетекші: Бергенева С.С.).
🔹 Сонымен қатар, 2 курс студенті Алина Шаймерден университет ішіндегі бизнес-идеялар байқауында 🥉3 орын иеленді (жетекші: Абдибаттаева М.М.).

🎓 Мадибекова Айша география және табиғатты пайдалану факультеті бойынша «Фараби-әлемі» халықаралық конференциясында 3 орын алып, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ж.К. Түймебаевтың атынан дипломмен марапатталды (ғылыми жетекші: Исмуханова Л.Т.).

🌿 Экология бойынша XVII Республикалық студенттік пәндік олимпиаданың Л.Н. Гумилёв ат. ЕҰУ базасында өткен кезеңінде белсенділік танытқан студенттер де назардан тыс қалған жоқ:

✔️ Экология білім беру бағдарламасы: Баймуханова Алина, Елеусинова Дильназ, Склабовская Милана (жетекшілері: Досжанов Е.О., Хамитова К.К.)
✔️ Экологиялық инжиниринг білім беру бағдарламасы: Керімбай Сәуле, Махамбетова Ақлима, Ортай Сәния (жетекшілері: Тусупова Б.Х., Курбанова Л.С., Хамитова К.К.)

🏅 Экология бағдарламасының командасы елдің 25 ЖОО арасынан құрметті 3 орынды иеленді!

✨ Кафедра студенттерге тоқтап қалмай, алдағы НИРС республикалық байқауында да биік белестерді бағындыруға тілектестік білдірді.