- Басты бет
- Жаңалықтар
- Алматы қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың тарих факультеті кітапхана ісі және білім беру саласында күш біріктірді.
Алматы қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың тарих факультеті кітапхана ісі және білім беру саласында күш біріктірді.

Бүгін Алматыда еліміздің жетекші мәдениет мекемесі мен жоғары білім беру флагманы арасындағы ынтымақтастықтың жаңа көкжиегін ашқан маңызды оқиға орын алды. Алматы қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Бектембаев Мейрам Еркенович және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарих факультетінің деканы Байгунаков Досбол Сүлейменұлы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Салтанатты рәсімге қалалық кітапхана жүйесінің маңызды тұлғалары: Алматы қаласы ОКЖ директорының кітапхана ісі жөніндегі орынбасары Спатаева Лаззат Мұхтарқызы және Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасының басшысы Жолдасов Аян Темірбекұлы қатысты. Университет тарапынан Дүниежүзітарихы, тарихнама және деректану кафедрасының меңгерушісі Мырзабекова Рыскелді Саламатқызы, кафедра оқытушылары, сондай-ақ «Кітапханалық ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша білім алатын қызығушылық танытқан студенттер, магистранттар мен докторанттар қатысты.
Кездесу барысында тараптар өзара қызығушылық тудыратын көптеген мәселелерді жемісті талқылады. Бұл ынтымақтастық кітапхана ісі саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруға, тарих факультетінің «Кітапханалық ақпараттық жүйелер» студенттері үшін қала кітапханаларының базасында тағылымдамалар мен практикалар ұйымдастыруға, бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын және мәдени-ағарту іс-шараларын өткізуге мүмкіндік береді деп күтілуде.
Меморандумға қол қою білім мен мәдениеттің интеграциялануы жолындағы маңызды қадам болды, бұл болашақ кітапхана ісі мамандарының біліктілігін арттыруға және халықтың тарихи білім мен мәдени мұраға қол жеткізуін кеңейтуге ықпал етеді.
Басқа жаңалықтар


