Жақыпов оқулары – 2025Farabi University

Жақыпов оқулары – 2025

16 мамыр, 2025

2025 жылғы 16 мамырда «Қазақстандағы және әлемдегі психология: тәжірибесі, тенденциялары, келешегі» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция  - Жақыпов оқулары өтті.

Конференция психология ғылымдарының докторы, профессор Сатыбалды Мұқатайұлы Жақыповтың 75 жылдығына және оның ғылыми мұрасына арналды.

Конференцияның мақсаты – адамдардың өмір сапасын арттыру, жаһандық өзгерістер жағдайында білім сапасын жетілдіру мақсатында психология ғылымының өзекті мәселелерін талқылау, эксперименттік зерттеулердің нәтижелерін жинақтау, Қазақстан мен әлемдегі психология ғылымының даму тенденциялары мен перспективаларын анықтау, сондай-ақ Қазақстанда психология ғылымының негізін қалаушы ғалым, профессор С.М. Жақыповтың (1950–2014) ғылыми мұрасын насихаттау.

Конференцияға Қазақстан, Германия, Нидерланд, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей және басқа да елдерден ғалымдар қатысты.

С.М. Жақыпов атындағы ғылыми мектеп конференцияны ұйымдастыруда үлкен үлес қосты.

Конференция тұрақты даму мақсаттарын іске асыруға бағытталған: ТДМ 3 – «Денсаулық және әл-ауқат», ТДМ 4 – «Сапалы білім», ТДМ 10 – «Теңсіздікті азайту», ТДМ 17 – «Тұрақты даму үшін серіктестік» және т.б.

С.М. Жақыпов (29.04.1950 – 03.01.2014) - көрнекті психолог, психология ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры, М.В. Ломоносов атындағы ММУ құрметті профессоры, ҚР Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері. Ол Қазақстандағы психология ғылымы саласында тұтас бір буынды тәрбиелеп өсірді: 58 ғылым кандидаты, 9 ғылым докторы, 5 PhD доктор.

С.М. Джакупов жақын және алыс шет елдерде эксперименттік психолог ретінде және бірегей бірлескен-диалогтік танымдық іс-әрекет тұжырымдамасының авторы ретінде танымал болды. Ол 500-ден астам ғылыми еңбек жазды, оның ішінде 3 монография, 40-тан астам оқу құралдары мен әдістемелік құралдар, ҚР БҒМ мақұлдаған 1 оқулық, Scopus және импакт-факторлы журналдарда жарияланған 30-ға жуық ғылыми мақала бар.

Конференцияны әл-Фараби атындағы ҚазҰУ басқарма төрағасының орынбасары – бірінші проректор, заң ғылымдарының докторы, профессор Еркін Ерманұлы Дүйсенов ашты.

Ол С.М. Жақыповтың психология ғылымына, ғылыми кадрларды даярлауға және ғылыми-ұйымдастырушылық, қоғамдық қызметіне қосқан зор үлесін атап өтті. Әсіресе, ол білім беру психологиясында оқу процесінің көпдеңгейлі жүйе ретіндегі құрылымын ұсынған, онда оқушы мен мұғалімнің (студент пен оқытушының) бірлескен-диалогтік танымдық әрекеті маңызды рөл атқарады. Сонымен қатар, ол жалпы және этникалық психология кафедрасының дамуына, психология саласындағы алғашқы диссертациялық кеңестің құрылуына қосқан үлесін де атап өтті.

Сондай-ақ, бірінші проректор С.М. Жақыповтың жалпы және этникалық психология кафедрасының дамуына, ғылыми психологиялық мектептің қалыптасуына қосқан үлесін ерекше атап өтті: 9 ғылым докторы, 58 ғылым кандидаты, 5 PhD диссертациясы; ХХ ғасырдың 90-жылдары мен ХХІ ғасырдың басында психология ғылымдары бойынша алғашқы диссертациялық кеңесті құрды.

Пленарлық отырыстың модераторы – философия және саясаттану факультетінің деканы, философия ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Бекжан Берікбайұлы Мейірбаев конференция маңыздылығына тоқталып, сөз кезегін ҚазҰУ ардагері, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Жолмұхан Түркпенұлы Түркпеновке берді.

Жолмұхан Түркпенұлы ғылыми және эксперименттік психологияның маңыздылығын, оның фундаменталистік және дәстүрлі емес діни ағымдарды болдырмаудағы рөлін атап өтті.

Модератор ардагердің ойын жалғастырып, дін психологиясы бағытын дамытудың маңыздылығына назар аударды. Ол жақында ғана факультеттің екі кафедрасының күшімен өткізілген ислам психологиясы жөніндегі конференцияны атап өтті – дінтану және мәдениеттану кафедрасы (кафедра меңгерушісінің м.а., осы конференцияға қатысып отырған Самал Мұхаметәлиевна Қаупенбаева) және жалпы және қолданбалы психология кафедрасы (кафедра меңгерушісі А.К. Мынбаева).

Сондай-ақ, конференцияда: Ташкенттегі М.В. Ломоносов атындағы ММУ филиалының профессоры, психология ғылымдарының докторы Батыр Рахманқұлович Қадыров (Өзбекстан) сөз сөйледі.

Ғалымның ұлы, кафедра оқытушысы Максат Сатыбалдыұлы Джакупов профессордың еңбекқорлығы мен ғылыми белсенділігі жөнінде естеліктерімен бөлісті. Ол үнемі іссапарларда жүретін – Қазақстанның өңірлерінде, Ресейде, Орталық Азия елдерінде және басқа да шет мемлекеттерде баяндамалар жасап, бірлескен зерттеулер жүргізіп, посткеңестік кеңістіктегі диссертациялық кеңестердің жұмысына қатысатын.

Факультет және кафедра атынан С.М. Джакуповтың жұбайы – тарих ғылымдарының кандидаты Надежда Владимировна Джакуповаға гүл мен символикалық сыйлық табысталды.

Одан әрі пленарлық отырыста ғалымның қазақстандық психологияның дамуына қосқан үлесі туралы келесі баяндамашылар баяндама жасады:

«С.М. Джакуповтың психологиядағы жаңашыл бастамалары» – психология ғылымдарының докторы, профессор, «Q-University» және «Қазақ психологиялық қоғамының» президенті Мұхан Перленбетов;

«С.М. Джакуповтың ғылыми мұрасы: теориядан практикаға» – психология ғылымдарының докторы, доцент Нұргүл Тоқсанбаева (ҚазҰУ);

«Уақыттан озық тұлға: С.М. Джакуповтың ғылыми-практикалық мұрасы» – психология ғылымдарының докторы, профессор Татьяна Абдрашитова (Астана);

«С.М. Джакупов мектебінің қалыптасуындағы бірлескен диалогтік әрекет теориясының маңызы» – психология ғылымдарының докторы, профессор Алма Ақажанова (Абай атындағы ҚазҰПУ);

«Оқудағы танымдық белсенділіктің даму механизмдері» – психология ғылымдарының докторы, профессор Оспан Сейдуллаұлы Сангилбаев (Туран университеті).

С.М. Жақыпов атындағы ғылыми мектеп конференция қарсаңында Сатыбалды Мұқатаұлының еңбектері бойынша бакалавриат студенттеріне арналған Республикалық байқау өткізді.

Байқау жеңімпаздары – Қазақстанның әртүрлі өңірлері мен жоғары оқу орындарынан келген 6 студент атанды.

Профессор Н.К. Тоқсанбаева студенттер мен жоғары оқу орындарының өкілдеріне диплом мен ақшалай сыйақы табыстады, ал М.А. Перленбетов жеңімпаздарға «Қазақ психологиялық қоғамының» мүшелік куәліктерін табыстады.

Еуропадан баяндамалар қашықтықтан ұсынылды: Лейпциг университетінің құрметті профессоры – психология ғылымының отаны саналатын университеттің өкілі, IPT психотерапия институтының негізін қалаушысы, Лейпциг қаласындағы психологиялық-консультациялық және психотерапиялық көмек көрсету орталығының мінез-құлықтық психотерапевті және клиникалық психологы, MIFW GmbH неміс біліктілікті арттыру орталығының ғылыми-консультациялық кеңесінің мүшесі және дәріскер – проф. Конрад Решке (Лейпциг, Германия) «Вильгельм Вундтың қазіргі психологиядағы маңызы» тақырыбында баяндама жасады;

Нидерландтың Қазіргі ғылымдар университетінің және Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының құрметті профессоры, IWG e.V. халықаралық біліктілікті арттыру және ғылыми ақпарат орталығының тең директоры (Мёнхенгладбах қ., Германия), Др. Эбель клиникалар желісінің жетекші ғылыми қызметкері және психотерапевті, Reinhardshöhe клиникасы (Бад Вильдунген, Германия; Амстердам, Нидерланд) – PhD, Dr. Hon-Prof. Алена Гарбер «Аарон Антоновскийдің көзқарасы бойынша психология, социология және медицинадағы патогенезден салютогенезге дейінгі жол» тақырыбында баяндама жасады.

Пленарлық отырыста негізгі баяндамалармен сөз сөйлегендер: «Өзін-өзі сәйкестендіру – адамның психикалық денсаулығы мен әл-ауқатының факторы ретінде» – философия ғылымдарының докторы, профессор міндетін атқарушы, И.К. Ахунбаев атындағы Қырғыз мемлекеттік медицина академиясының философия және қоғамдық ғылымдар кафедрасының меңгерушісі Чолпон Сабыровна Усупова (Бішкек, Қырғызстан);

«Цифрлық дәуірдегі тұлғалық сәйкестік психологиясы» – психология ғылымдарының кандидаты, PhD, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің теориялық және практикалық психология кафедрасының меңгерушісі Гүлмира Туяққызы Топанова (Алматы);

«Болашақ маманның кәсіби қызмет психологиясы» – психология ғылымдарының докторы, Жетісу университетінің доценті Хапиза Танирбергенқызы Наубаева (Талдықорған);

«Жасанды интеллект дәуіріндегі психологиялық денсаулық» – психология ғылымдарының кандидаты, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің психология кафедрасының доценті Алмагүл Мәндықаева (Астана).

Пленарлық отырыстың соңында Орталық Азиядағы психология ғылымының дамуына қосқан үлесі мен жылы естеліктерімен бөлісіп, баяндама жасағандар: психология ғылымдарының докторы, Ресей Психология ғылымдары академиясының корреспондент-мүшесі, Жүсіп Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университетінің ғылым жөніндегі проректоры Қамшыбек уулу Мырзабек (Бішкек, Қырғызстан); философия ғылымдарының докторы, психология профессоры, Қарасаев атындағы Бішкек мемлекеттік университетінің әлеуметтік жұмыс және қолданбалы психология кафедрасының меңгерушісі Эрик Садықұлы Орозалиев (Бішкек, Қырғызстан) болды. Олар «Қазіргі Қырғызстан мысалында этникалық бірегейлік құрылымының қалыптасуы» тақырыбында баяндама жасады.

Түстен кейін келесі бағыттар бойынша секциялық отырыстар өтті:

1. С.М. Жақыпов - Қазақстандағы білім беру психологиясының классик-методологы.

ХХІ ғасырдағы білім психологиясы: қиындықтары, трендтер, шешімдер.

2. Қоғамды цифрландыру, жасанды интеллект және психологиядағы нейрондық желілер: жаңа көкжиектер мен зерттеу мүмкіндіктері.

3. Жеке тұлғаның психикалық денсаулығы мен әл-ауқаты: заманауи міндеттер мен шешімдер

4. Кәсіптік білім беру мен жұмысшы мамандықтары кадрларын сапалы даярлаудың психологиялық факторлары мен шарттары.

Конференцияға қатысқан барлық қатысушылар мен ұйымдастыру алқасына «Жақыпов оқулары – 2025» іс-шарасын ұйымдастырғандары үшін алғыс білдіреміз.

Айрықша алғысымызды доцент Жұбаназарова Н.С., Тоқсанбаева Н.К., профессор Бердібаева С.К., доцент Садвакасова З.М., профессор Мадалиева З.Б., Закариянова Ш.Н., Жолдасова М., Адилова Э., профессор Кабакова М.П., Борбасова Г., Болтаева А.М., докторанттар Ғабдрахман А., Дүйсенбаева А.; ФжСФ ғылым жөніндегі декан орынбасары Өсербаев Е.Н. және басқа да қатысушыларға білдіреміз.

https://t.me/kaznu34/10614

https://farabi.university/news/96833?lang=kz