2 курс докторанттары аттестаттаудан өтті

2025 жылдың 21 мамыр күні «8D02301-Аударма ісі (шығыс тілдері)», «8D02209-Шығыстану», «8D02305 - Шетел филологиясы (шығыс тілдері)» мамандықтарының 2 курс докторанттары толық оқу курсы негізінде докторанттың жеке жұмыс жоспарын орындау бойынша аттестациядан өтті. Аттестаттау отырысына Шығыстану факультетінің деканы, т.ғ.к., доцент Н.Б. Ем, кафедра меңгерушілері мен докторанттардың ғылыми жетекшілері, кафедра меңгерушілерінің ғылым жөніндегі орынбасарлары қатысты. Аттестация «Microsoft Teams» платформасында онлайн форматта өтті. Докторанттар Л.Нурсеитова, Ш.Сейтнур, М.Тұрбек, З.Искакова, С.Цзяин, Ж.Құрбанәлі, Р.Пак, Қ.Қайполла, А.Токсеитова, А.Мағпоз, Б.Базаркулова теориялық курсты меңгеру, ғылыми семинарлар, материал жинақтау, мақалалар жариялау бойынша 2 жыл оқу мерзімінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын аяқтау туралы презентацияларын таныстырып, толық есеп берді.
Аттестаттау комиссиясы жеке жоспарларға сәйкес диссертациялық зерттеуді жүргізу бойынша докторанттардың атқарылған жұмыстары туралы есептерін тыңдады және 2 жыл ішінде докторантураның білім беру бағдарламасын сәтті аяқтағандарын растады.
Барлық 2 курста білім алатын докторанттарға факультет деканының ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі орынбасары, PhD С.Б. Алипова алдағы уақытта уақытылы қорғауға шығу үшін ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындауда сәттілік тіледі.
Басқа жаңалықтар
