Қытайтану кафедрасының оқытушылары Алматыда өткен Орталық Азиядағы алғашқы қытайтанушылар форумына қатыстыFarabi University

Қытайтану кафедрасының оқытушылары Алматыда өткен Орталық Азиядағы алғашқы қытайтанушылар форумына қатысты

21 мамыр, 2025

2025 жылдың 21 мамырында Алматы қаласында Орталық Азияжағы қытайтанушылардың алғашқы форумы өтті. Іс-шараны «Бір белдеу – бір жол» ғылыми-білім беру орталығы, ҚХР-дағы Дүниежүзілік Қытайтану орталығы және Алматы қаласы қытайтанушылар қауымдастығы бірлесіп ұйымдастырды. Форумға Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан елдерінен жетекші ғалымдар мен сарапшылар қатысты.

Қытайтану кафедрасының доценті Динара Бақыткерейқызы Дәуен Алматы қаласы қытайтанушылар қауымдастығының төрағасы ретінде форумның негізгі ұйымдастырушыларының бірі болды. Пленарлық отырыста профессор Нұржамал Әбдіразаққызы Алдабек пен профессор Набижан Мұқаметханұлы баяндама жасады. Ал пленарлық отырыстың модераторы қызметін профессор м.а. Фатимабибі Ноғайқызы Дәулет атқарды. Панельдік сессияларда кафедра меңгерушісі Ержан Керімбаев пен доцент Данияр Мадиев модератор ретінде қатысып, өз ғылыми баяндамаларын ұсынды.

Форум аясында қатысушылар қытайтанушылық зерттеулердің тарихы мен әдіснамасы, қытай тілін оқыту, мәдени байланыстар, Конфуций институттарының қызметі және дипломатиялық қатынастарға қатысты маңызды мәселелерді талқылады. Форум Орталық Азиядағы қытайтану саласындағы ғылыми байланыстарды нығайтуға арналған маңызды диалог алаңына айналды.

ҚазҰУ оқытушыларының форумға белсенді қатысуы университеттің ғылыми әлеуетін және Қазақстандағы шығыстану мен қытайтануды дамытудағы жетекші орнын айқындай түседі.