3 курс докторанттары қорытынды аттестаттаудан өтті

2025 жылдың 22 мамыр күні «8D02301-Аударма ісі (шығыс тілдері)», «8D02209-Шығыстану», «8D02305 - Шетел филологиясы (шығыс тілдері)» мамандықтарының 3 курс докторанттары толық оқу курсы негізінде докторанттың жеке жұмыс жоспарын орындау бойынша қорытынды аттестациядан өтті. Докторанттар қорытынды аттестаттауды факультеттің кезекті Ғылыми кеңес отырысында өтті. Отырысқа Ғылыми кеңес мүшелері мен докторанттардың ғылыми жетекшілері қатысты. Докторанттар Х.Куатова, Н.Хамитова, А.Түргенбай, С.Меттибаева, А.Шарыпова, М.Оразбаева, Б.Алипбаева, Қ.Жетпісбаева, Б.Мырзабекова толық ғылыми семинарлар, ғылыми мақалалар жариялау және ғылыми-зерттеу жұмыстарын аяқтау туралы презентацияларын таныстырып өз есептерін берді.
Ғылыми кеңес мүшелері мен докторанттардың ғылыми жетекшілері бітіруші 9 докторанттың жеке жоспарларына сәйкес диссертациялық зерттеуді жүргізу бойынша атқарылған жұмыстары туралы есептерін тыңдады және 3 жыл ішінде докторантураның білім беру бағдарламасы бойынша атқарған жұмыстарымен танысты. Нәтижесінде комиссия мүшелері университеттің Ғылыми кадрларды даярлау және аттестаттау басқармасының тексеріс талдауын және докторанттардың есептерін негізге ала отырып, барлық докторанттарды қорытынды аттестациядан өткізді.
3 курсты бітіруші докторанттарға факультет деканы, т.ғ.к., доцент Н.Б. Ем өз алғысын білдіріп, алдағы уақытта докторлық диссертацияларын қорғауда сәттілік тіледі.
Қорытынды аттестаттау отырысына 1 және 2 курс докторанттары да қатысты.
Басқа жаңалықтар
