- Басты бет
- Жаңалықтар
- Қытайтану кафедрасының ардагер ұстазы Жақсылық Сәмитұлының 85 жылдығына арналған тағылымды жиын өтті
Қытайтану кафедрасының ардагер ұстазы Жақсылық Сәмитұлының 85 жылдығына арналған тағылымды жиын өтті

2025 жылдың 22 мамыр күні Алматы қаласындағы Ұлттық кітапханада көрнекті қазақ жазушысы, тағдырлы қаламгер Жақсылық Сәмитұлының 85 жылдығына арналған алқалы жиын өтті.
1959–1979 жылдар аралығында Қытайдағы солақай саясаттың салдарынан «ұлтшыл» атанып, қуғын-сүргін көрген жазушы 1993 жылы Қазақстанға оралып, шығармашылық пен ұстаздық қызметін жалғастырды. Ол әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шығыстану факультеті, Қытайтану кафедрасында ұзақ жылдар бойы ұстаздық етті.
Ұлттық кітапханада өткен бұл елеулі шараға Қытайтану кафедрасының меңгерушісі Ержан Керімбаев арнайы қатысып, жазушы, әрі ұстазы мен әріптесі болған Жақсылық Сәмитұлының рухына тағзым етті. Жиын барысында сөз сөйлеген зиялы қауым өкілдері жазушының шығармашылығы әлі толық зерттеліп, бағаланбай жатқанын айтып, болашақта оны кеңінен насихаттау қажеттігін атап өтті.
Жиын аясында Жақсылық Сәмитұлының жаңа жарық көрген 7 томдық шығармалар жинағының тұсаукесері өтіп, оқырманға ресми түрде таныстырылды.
Басқа жаңалықтар
