Факультеттің шетелдік оқытушысына проректордың алғыс хаты табыс етілді

Шығыстану факультетінің 22-мамырда өткен кезекті Ғылыми кеңесі отырысында Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының Иран Ислам Республикасынан келген ерікті ұстазы, PhD Фахиме Шакиба ханымға факультет деканы Н.Б. Ем әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Тұрақты әлеуметтік даму жөніндегі Басқарма мүшесі - проректор С.Қ. Суатайдың қолы қойылған алғыс хатты табыс етті. Алғыс хат 21.10.2024 - 20.01.2025 аралығында өткен «Парсы тіліндегі мәтінді редакциялау (ویرایش در زبان فارسی)» және 21.10.2024 - 20.01.2025 аралығында өткен «Парсыша жазу мен аударудың жетілдірілген дағдылары» (مهارتهای پیشرفته در نگارش و ترجمه به زبان فارسی)» атты парсы тілінің онлайн курстарын жүргізгені үшін берілді. Курстың Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары оқытушыларының білімін жетілдіру үшін жүргізілгенін айта кету керек.
Басқа жаңалықтар
