- Басты бет
- Жаңалықтар
- Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультетінде «Араб тілі оқытушыларына арналған тренинг» өтеді
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультетінде «Араб тілі оқытушыларына арналған тренинг» өтеді

Баспасөз релизі
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультетінде «Араб тілі оқытушыларына арналған тренинг» өтеді
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Арабтану орталығы Сауд Арабиясы Корольдігіндегі «King Salman Global Academy for Arabic Language» академиясымен бірлесе отырып, араб тілі оқытушыларына арналған тренинг өткізеді. Тренингтің мақсаты – мамандарда араб тілі оқытуда заманауи технологияларды пайдалану дағдыларын қалыптастырып, педагогикалық құзыреттерін дамыту, олардың кәсіби біліктілігін арттыру. Семинарды Халықаралық араб тілі академиясының сарапшылары жүргізеді.
Тренинг әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Король Салман Халықаралық араб тілі академиясының (Сауд Арабиясы, эр-Рияд) арасындағы келісімшарттың негізінде ұйымдастырылып отыр. Шараға шығыстану факультеті арабтану бөлімнің оқытушы-профессорлары, магистранттары, докторанттары, сонымен бірге Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті, Абылайхан атындағы Әлем тілдері және Халықаралық қатынастар университеті, Абай атындағы педагогикалық университет және арабтанушы мамандарды дайындайтын өзге де білім беру мекемелерінің 30-ға жуық оқытушы қатысатын болады.
Тренинг 36 сағатты қамтиды, соңында әрбір қатысушыға Король Салман халықаралық араб тілі академиясының халықаралық үлгідегі сертификаты табыс етіледі.
ӨТЕТІН МЕРЗІМІ: 26-29 мамыр 2025 ж.
УАҚЫТЫ: 10:00-16:00
ӨТЕТІН ОРНЫ: Алматы қ., Карасай Батыр 95 А
Шығыстану факультеті, 5 қабат. 541 зал.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Басқа жаңалықтар
