Халықаралық отбасы күніне арналған кураторлық жұмысFarabi University

Халықаралық отбасы күніне арналған кураторлық жұмыс

30 сәуір, 2025

2025 жылдың 30 cәуір күні Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың философия және саясаттану факультетінде Халықаралық отбасы күніне арналған кураторлық кездесу өтті.
Кездесудің мақсаты – отбасы психологиясы мен тәрбиесі саласындағы білім беру мен зерттеу жұмыстары бойынша пікірлерді тыңдау, студентдің осы саладағы білім деңгейін бағалау, түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында кураторлар Садыква Н.М. және Аязбаева Б. Ашық пікір алаңын құрып, студенттермен отбасы туралы толық ақпаратты баяндап берді.
Отбасы – адам баласының ең алғашқы тірегі, ең ыстық ұясы. Ол – қоғамның іргетасы, адамгершілік пен рухани құндылықтардың бастауы. Әр адамның өмірінде отбасынан артық қымбат ештеңе жоқ. Дәл осы қарапайым әрі қасиетті ұғым – Отбасы – жыл сайын 15 мамырда әлем бойынша ерекше атап өтіледі.
1993 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 15 мамырды Халықаралық отбасы күні ретінде жариялаған болатын. Бұл күн – отбасының қоғамдағы рөлін, оның маңызын ұғындырып, әрбір жанұядағы татулық пен түсіністікті арттыру мақсатында белгіленген. Отбасы күнінің негізгі идеясы – адамзатқа ортақ осы қасиетті ұғымды қорғау, ұлықтау және насихаттау.
Қазақ халқы үшін отбасы – киелі құндылық. «Отан – отбасынан басталады» деген дана сөзде терең мән бар. Біздің ұлттық тәрбиемізде ата-анаға құрмет, үлкенге ізет, кішіге қамқор болу – басты ұстаным. Текті елдің ұрпағы отбасыдан көрініс табады. Ынтымағы жарасқан, бірлігі бекем отбасы – мемлекеттің де мызғымас тірегі.
Бүгінде отбасы институтын сақтау, жас ұрпақты өнегелі тәрбиеге баулу – аса өзекті мәселе. Қоғам дамыған сайын отбасылық құндылықтарға қауіп төнуі мүмкін. Сондықтан бұл күн – ата-ана мен бала арасындағы байланысты тереңдету, бір-біріне көңіл бөлу, мейірімділік пен махаббатты нығайтуға арналған ерекше мүмкіндік екендігін толық ашып берді.
Студенттерге – отбасы құндылығын құрметтейтін ел екенімізді дәлелді түрде өз презентациялары мен бейне роиктерімен толық ашып көрсетті. Студенттерге осы күннің мәнін ұғынып, әр отбасыға шаттық пен береке тілектерін айтты. Жанұяның жылуы – әлемнің жылуы екенін ұғындыра білді! Студенттер алғысын жеткізу сәтімен аяқтады!