«Логистика (салалар бойынша)» 3-курс студенттері Maxi Чай зауытына бардыFarabi University

«Логистика (салалар бойынша)» 3-курс студенттері Maxi Чай зауытына барды

29 мамыр, 2025

Тұрақты даму мақсаттарының №4 – «Сапалы білім» мақсаттарын жүзеге асыру аясында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің, Экономика және бизнес жоғары мектебі факультетінің, «Бизнес-технологиялар» кафедрасының 6B11301 – «Логистика (салалар бойынша)» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттері Қазақстан мен Орталық Азиядағы ең ірі алкогольсіз сусындар өндірушілерінің бірі Maxi Шай зауытына танысу экскурсиясына қатысты.

Экскурсия барысында студенттер өндірістік процестермен, қазіргі заманғы жабдықтармен және кәсіпорындағы логистика ұйымдастыруымен танысты. Зауыт мамандары тұрақты даму принциптері, өндіріс технологиялары және өнімді тарату жүйесі туралы толық ақпарат берді.

Зауытқа бару студенттерге логистика бойынша алған білімдерін іс жүзінде көруге, кәсіби көзқарасын кеңейтуге және теория мен практиканы байланыстыруға мүмкіндік берді.

Өндірістік және логистикалық процестермен практикалық танысу студенттердің кәсіби дағдыларын нығайтып, әрі қарай оқуға ынталандырды.

Ұйымдастырушылар: Ахметова З.Б., Мұса Қ.А., Баймуханбетова Э.Е., Чемирбаева М.Б.