"Музей ісіндегі ақпараттық технологиялар» атты №4 гимназия оқушыларына музейлік сабағыFarabi University

"Музей ісіндегі ақпараттық технологиялар» атты №4 гимназия оқушыларына музейлік сабағы

28 мамыр, 2025

28.05.25. Тұрақты даму мақсаттарының бірін: “4- Сапалы білім және 8- лайықты жұмысты” жүзеге асыруда өндірістік практика шеңберінде, Дінтану және мәдениеттану кафедрасы мен ҚР Мемлекеттік Орталық музейінде, ақпарат бөлімінің басшысы Игорь Середенко және 3 курс студенттері : Анарбай Айгерім, Бүркітова Балнұр, Жамбыл арайлым өткізген «Музей ісіндегі ақпараттық технологиялар» №4 гимназия оқушыларына музейлік сабағы өтті.  

Орталық музей мен әлемнің басқа да музейлерінде қолданылатын ақпараттық технологияларды қолданудың түрлі аспектілері туралы айтылды. 

Соның ішінде экспонаттарды сандық каталогтау және музейге келушілер үшін заманауи мультимедиялық құралдарды қолдану туралы баяндалды. Сабақ барысында Археология және этнография залдары бойынша экскурсиялар өткізілді. Онда QR-кодтарды пайдалана отырып келушілер үшін интерактивті дүңгіршектер мен мобильді аудио нұсқаулықтың практикалық қолданылуы көрсетілді. 

Мұнда ежелгі алтын зергерлік бұйымдарды 3D форматында көре алады, сондай-ақ «Палеонтология» тақырыбы бойынша ақпараттық бақылау тақтасын тамашалауға  болады. 

Іс-шара Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері дайындаған «Қазақ мәдениеті ІТ технология және жасанды интеллект арқылы жаңғыру» (Анарбай Әйгерім), «Мәдениет және жасанды интеллект. Кім кімді қалыптастырады?» (Бүркітова Балнұр) және «Мәдени сауаттылық, Эрик Хирш әдісімен» (Жамбыл Арайлым) презентацияларымен жалғасты.