- Басты бет
- Жаңалықтар
- “Ірі қалалардағы ботаникалық бақтар мен саябақтардың экологиялық және әлеуметтік маңызы” тақырыбындағы дөңгелек үстел
“Ірі қалалардағы ботаникалық бақтар мен саябақтардың экологиялық және әлеуметтік маңызы” тақырыбындағы дөңгелек үстел
Эколог күніне орай Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасында “Ірі қалалардағы ботаникалық бақтар мен саябақтардың экологиялық және әлеуметтік маңызы” тақырыбында студенттермен дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шара ашық пікірталас форматында өтіп, қатысушылар мегаполистердегі жасыл аймақтардың экологиялық тепе-теңдікті сақтау, халықтың денсаулығын жақсарту және биологиялық алуан түрлілікті қорғаудағы рөлін талқылады.
Студенттердің практикалық бақылауларына ерекше назар аударылды. Қатысушылар Алматы қаласындағы Ботаникалық баққа барған кезде түсірілген фото және бейнематериалдарын ұсынып, бақтың өсімдік қорын, абаттандыру деңгейін, келушілер санын және тұрғындардың табиғи ортамен байланысын сипаттап берді.
Дөңгелек үстел пікір алмасу алаңы ғана емес, сонымен қатар экологиялық мәдениетті қалыптастыру мен қалалық кеңістікке саналы көзқарасты дамытуда маңызды қадам болды.
Басқа жаңалықтар

