Дүниежүзілік қоршаған орта күні мен эколог күні (5-ші Маусым) қарсаңында, аль-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының бастамасымен, сондай-ақ География және табиғатты пайдалану факультетінің 1 курс эколог-студенттерінің белсенді қатысуымен "Таза Қазақстан" жалпыұлттық бағдарламасы аясында "Мөлдір бұлақ" акциясы өткізілді.
Іс-шара Алматы қорығында өтті және бұлақтар мен іргелес аумақтарды тазартуға бағытталған. Акция табиғи мұраны сақтауға және жастардың экологиялық жауапкершілігін қалыптастыруға маңызды үлес қосты.
Басқа жаңалықтар

30 маусым, 2025

30 маусым, 2025