Геофактағы Түлектер кездесуіFarabi University

Геофактағы Түлектер кездесуі

2 маусым, 2025

География және табиғатты пайдалану факультетінде 30-шы мамыр күні университет дәстүріне сәйкес Түлектер күнін атап өту іс-шарасы жүзеге асырылды. 2025 жылғы  факультеттегі бітірушілердің жалпы саны – 812, оның ішінде  бакалавриат -  692, магистратура  - 96, докторантура -  24. 

Аталған іс-шараға факультетіміздің әртүрлі жылдардағы мерейтолық – 55 жыл, 50 жыл, 30 жыл, 25 жыл, 15 жыл, 10 жыл, 5 жыл бұрын білім алған  жалпы  115  түлектері келді. Сонымен қатар, факультеттегі География, жерге орналастыру және кадастр кафедрасы, Метеорология және гидрология кафедрасы, Картография және геоинформатика кафедрасы, Рекреациялық география және туризм кафедрасы, Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының оқытушы-профессор құрамының ұстаздары қатысты.

Келген мерейтойлық түлектеріміз республикамыздың әртүрлі саласында нәтижелі қызмет атқарып, кейінгі жастарға үлгі болатындай мол жетістіктерге қол жеткізген. Атап айтсақ, Р.Е. Берсинбаев - «ISKANDER адвокат кеңсесі» басшысы, Қ.Б.Самарханов - география ғылымдарының кандидаты, PhD доктор, Қазақстандағы ГАЖ саласының ірі маманы, Астана халықаралық ғылыми кешенінің бас ғылыми қызметкері, Д.Б. Абильганиев - Алматы мемлекеттік табиғи қорығының директоры, Д.М.Бурлибаева -  Қазақстан Республикасындағы Аралды құтқару халықаралық қорының экология және орнықты даму департаментінің атқарушы дирекциясының басшысы,  А.Р.Жумалипов -  Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, оқуға қабылдау кеңсесінің жетекшісі А.Р.Жумалипов, Е.К.Адилбеков -  Аграрлық университеттің әскери кафедрасының меңгерушісі, PhD доктор, қауымдастырылған профессор, Ж. Сибекова -  ЖШС  «Аксайгазпроект», Инженерлік ізденістер бөлімінің басшысы, Н. Бөрібеков - JKL-көкпар федерациясының атқарушы директоры т.б.

Түлектерге түскі ас ұйымдастырылып, факульттеттің талантты жастары ән шырқап, көңілді тапқыштар клубының Миллиард тобы өнер көрсетті.

Түлектер Күніне орай География және табиғатты пайдалану факультетінің 4В5А аудиториясының күрделі кешенді жөндеуі жүзеге асырылды. Аталған игі іс Рекреациялық география және туризм кафедрасының  20 жылдық түлегі  - «AlmatyBlagoStroy Group» ЖШС директоры Н.С.Алагузовтің қаржылай көмегі негізінде іске асырылып, салтанатты ашылу рәсімі болды