Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да түлектер күні кең көлемде аталып өттіFarabi University

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да түлектер күні кең көлемде аталып өтті

2 маусым, 2025

2025 жылғы 30 мамырда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Түлектер күні салтанатты түрде аталып өтті. Мерекелік шараға 16 факультеттің биылғы түлектерімен қатар, 50,40,30 жыл бұрын оқу орнын тәмамдаған ардагер түлектер де қатысты. Шара барысында университет түлектерінің салтанатты шеруі ұйымдастырылып, дәстүрлі «Жас түлектер вальсі» орындалды. Сонымен қатар, түлектерге арналған ән шырқалып, әсерлі мерекелік атмосфера қалыптасты.

Салтанатты жиынды университеттің Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев ашып, барша түлектерге жүрек-жарды құттықтауын арнап, сәттілік тіледі. Ректор ҚазҰУ-дың түлектері ел болашағы үшін аянбай еңбек етіп жүргенін ерекше атап өтті.

Шара соңында Медицина және денсаулық сақтау факультетінің түлектері факультет мәжіліс залында бас қосып, бір-біріне жылы лебіздерін білдірді. Факультет деканы С.Б. Калмаханов түлектерге кәсіби жолда табыс тілей отырып, ҚазҰУ түлектері еліміздің денсаулық сақтау жүйесін дамытуда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

Айта кетерлігі, биылғы кешке қатысқан бұрынғы түлектер де университетке өз алғыстарын сыйлықпен білдірді. Атап айтқанда, «Денсаулық сақтаудағы менеджмент» мамандығының түлектері кафедраға екі моноблок сыйласа, «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының түлектері принтер тарту етті. Факультет ұжымы бұл қолдауға ризашылық танытып, түлектерге алғысын білдірді.