2025 жылдың 30 мамыр күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде дәстүрлі Түлектер күні аталып өтті. Түлектер күні аясындағы іс-шаралар ҚазҰУ стадионында өткен салтанатты жиынмен басталып, университет түлектерінің салтанатты шеруі, құттықтау сөздер, халықаралық студенттік қойылымдар, Түлектер вальсі және факультеттерде жалғасқан бейресми кездесулерге ұласты.
Аталған мереке География және табиғатты пайдалану факультетінде кең ауқымда ұйымдастырылып, мазмұнды бағдарламамен жалғасын тапты. География және табиғатты пайдалану факультетінде өткен кездесуде кафедра түлектері мен оқытушылары кафедра тарихына шолу жасап, жетістіктерімен бөлісті. Сонымен қатар, студенттермен ашық сұхбат өтіп, мамандықтың маңыздылығы мен болашағы жайлы құнды пікірлер айтылды.
Осы іс шараға метеорология және гидрология кафедрасының 15, 25 және 30 жыл бұрынғы түлектері арнайы шақырылып, қазіргі студенттер мен оқытушылар қауымымен жүздесті. Кездесу соңында естелік суреттер түсіріліп, кафедра ұжымы мен түлектер арасындағы рухани байланыс одан әрі нығая түсті. 2025 жылғы түлектер үшін бұл күн ерекше әсерлі және естен кетпес сәттерге толы болды.
Басқа жаңалықтар

