«Таза су – таза болашақ»: Экология күні аясындағы танымдық экскурсия
Жыл сайын, 5 маусым күні бүкіл әлем бойынша Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні атап өтіледі. Бұл күн — табиғатты қорғау мен тұрақты дамуға бағытталған қоғамдық сананы арттырудың маңызды құралы. Осы айтулы күн аясында «Экология» және «Экологиялық инжиниринг» білім беру бағдарламасының студенттері, Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының оқытушылары Л.С. Курбанова және Б.Х Түсүпова-ның жетекшілігімен қалалық сарқынды суларды тазартатын Аэрация станциясына танымдық экскурсия жасады.
Экскурсияның мақсаты — студенттерге су ресурстарын тиімді пайдаланудың маңыздылығын түсіндіру, сарқынды суларды тазарту технологияларымен таныстыру және кәсіби экологиялық білімді тәжірибемен ұштастыру болды.
Аэрация станциясы — қаланың экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде аса маңызды нысан. Мұнда тұрмыстық және өндірістік сарқынды сулар бірнеше кезеңнен тұратын тазарту процесінен, яғни механикалық тазарту, биологиялық тазарту, сияқты негізгі сатылармен танысты. Сонымен қатар, судың сапасын тексеруге арналған заманауи зертханалар мен технологиялық құрылғылардың жұмыс істеу принциптерін көріп, кәсіби мамандардан пайдалы мағлұматтар алды.
Станция қызметкерлері студенттерге қазіргі заманғы жабдықтар мен технологиялар, сондай-ақ тазарту сапасын бақылауға арналған зертханалық әдістер туралы кеңінен баяндап берді. Су ресурстарын қорғаудағы мұндай нысандардың маңыздылығы, тазарту жүйесінің экологиялық қауіпсіздікке қосатын үлесі жайлы нақты деректермен бөлісті.
Экскурсия студенттерге үлкен әсер қалдырды. Олар өз болашақ мамандығының маңыздылығын терең түсініп, табиғатты қорғауға деген жауапкершілік сезімін нығайтты.
Мұндай іс-шаралар экологиялық мәдениетті қалыптастыру мен кәсіби бағдар берудің тиімді құралы болып табылады. 5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні аясындағы бұл танымдық сапар студенттердің экология саласына деген қызығушылығын арттырып, олардың болашақта саналы, білімді және белсенді эколог маман болуына жол ашты.
Басқа жаңалықтар

