ҚазҰУ мен Н.П. Огарёв атындағы МГУ арасындағы ынтымақтастық аясында қытай тілі оқытылудаFarabi University

ҚазҰУ мен Н.П. Огарёв атындағы МГУ арасындағы ынтымақтастық аясында қытай тілі оқытылуда

4 маусым, 2025

2025 жылғы 29 мамырда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қытайтану кафедрасының PhD докторы, оқытушысы Сапарбаева Нұржан Балтажанқызы Ресейдің Н.П. Огарёв атындағы Мордов мемлекеттік университетінің ағылшын филологиясы кафедрасының студенттеріне арналған кезекті қытай тілінің қысқа мерзімді курстарын бастады.

Сабақтар екі университет арасындағы академиялық ынтымақтастық аясында ұйымдастырылған. Студенттер қытай тілін екінші шет тілі ретінде оқып жатыр. Оқыту барысында негізгі назар коммуникативтік дағдыларды дамытуға, сөздік қорын меңгеруге және HSK халықаралық емтиханына дайындыққа бағытталған.

Аталған бастама Қазақстан мен Ресей арасындағы ғылыми және мәдени байланысты нығайтуға ықпал етеді. Алдағы уақытта бірлескен ғылыми іс-шаралар мен академиялық алмасуларды ұйымдастыру арқылы ынтымақтастықты кеңейту жоспарлануда.