- Басты бет
- Жаңалықтар
- ҚазҰУ мен Мордов мемлекеттік университеті ғылыми ынтымақтастықты нығайтпақ: Scopus журналында бірлескен мақала жарық көреді
ҚазҰУ мен Мордов мемлекеттік университеті ғылыми ынтымақтастықты нығайтпақ: Scopus журналында бірлескен мақала жарық көреді

2025 жылдың 2 маусымында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қытайтану кафедрасының Ph.D докторы Сапарбаева Нұржан Балтажанқызы Н.П. Огарев атындағы Мордовия мемлекеттік ғылыми-зерттеу университетінің деканы Буренина Наталья Викторовнамен және ағылшын филологиясы кафедрасының меңгерушісі Свойкин Константин Бертольдовичпен кездесу өткізді.
Кездесу барысында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Мордовия университетінің оқытушылары бірлесіп дайындаған ғылыми мақала талқыланды. Мақала Scopus халықаралық дерекқорына енетін «Білім Интеграциясы» журналында (Q1 категориясы) жариялануы жоспарланды. Бұл жарияланым Қазақстан мен Ресей арасындағы ғылыми ынтымақтастықты нығайта түспек.
Мақала жарияланғаннан кейін авторлардың қатысуымен онлайн-презентация өткізіліп, әрі қарай білім алмасу және халықаралық конференциялар өткізу сияқты бірлескен жобалар талқыланады.
Басқа жаңалықтар

