ТДМ 15 "Құрлық экожүйелерін сақтау" тақырыбындағы пікірталасFarabi University

ТДМ 15 "Құрлық экожүйелерін сақтау" тақырыбындағы пікірталас

14 қараша, 2024

2024 жылғы 12 қарашада ТДМ 15 "Құрлық экожүйелерін сақтау" Биологиялық инженерия ББ студенттерімен пікірталас іс-шарасы өтті. "Пластикалық қалдықтар Жер планетасының экологиялық проблемасы ретінде". Мақсаты пластмассаны пайдалану мәселесін, пластмасса түрлерін талқылау, зиянды пластиктің балама нұсқаларын қарастыру, мәселені шешу жолдары болды. Студенттер пластикалық өнімдердің түрлері және пластикалық ыдыстардың түбіндегі таңбалаудың маңызы, пластиктің зияны туралы білді, мәселенің ауқымын талдады, пластикті ауыстырудың балама нұсқалары бойынша миға шабуыл жасады.