- Басты бет
- Жаңалықтар
- ТДМ 15 – Құрлықтағы экожүйелерді сақтау аясындағы жоба: ҚазҰУ Еуразиялық конгрессте Сиверс алмасын сақтау жобасын таныстырды
ТДМ 15 – Құрлықтағы экожүйелерді сақтау аясындағы жоба: ҚазҰУ Еуразиялық конгрессте Сиверс алмасын сақтау жобасын таныстырды
2025 жылдың 31 мамыры мен 9 маусымы аралығында Ош және Бішкек қалаларында 15-тен астам елдің ғалымдарының қатысуымен Еуразиялық экономикалық-географтар конгресі өтіп жатыр.
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің атынан конференцияға география ғылымдарының кандидаты, доцент Базарбаева Турсынкул Аманкельдиевна қатысты. Ол секциялық отырыста «Сиверс алмасын сақтау бойынша ALMA-KIKA жобасын жүзеге асыру» тақырыбында баяндама жасады. Жоба Германияның Федералдық экологиялық қорының (DBU) қаржылық қолдауымен жүзеге асырылуда.
Баяндама барысында Базарбаева Т.А. Сиверс алмасын – барлық мәдени алмалардың арғы тегі болып саналатын реликт түрді – сақтауға бағытталған халықаралық жобаның негізгі бағыттары мен нәтижелерін баяндады. Ол биоалуандылықты сақтау, жергілікті қауымдастықтардың табиғи мұраны қорғауға қатысуы және экологиялық тұрақтылық саласындағы халықаралық ынтымақтастық мәселелеріне ерекше назар аударды.
Басқа жаңалықтар
