- Басты бет
- Жаңалықтар
- М. Әуезов атындағы ОҚУ студенттері Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да оқу тәжірибесінен өтті
М. Әуезов атындағы ОҚУ студенттері Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да оқу тәжірибесінен өтті
2025 жылғы 6 маусым күні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің География және табиғатты пайдалану факультетіне М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінен «Жаратылыстану ғылымдары және педагогикасы» Жоғары мектебінің 6В05220 – География (ғылыми) білім беру бағдарламасы бойынша оқитын 3-курс студенттері келді. Бұл іс-сапар оқу практикасы аясында ұйымдастырылды.
Студенттерді алып келген жетекшілері – магистр, аға оқытушы Нуртилеуова Сауле Рафайловна және аға оқытушы Дайрабаева Айгул Жаксыбековна.
Келген қонақтарға факультет құрылымы, оқу-ғылыми жұмыстары мен инфрақұрылымы таныстырылды. Факультетпен және жаңа заманауи зертханалармен студенттерді Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының меңгерушісі Базарбаева Турсынкул Аманкельдиевна таныстырды. Ал Қазақстан-Қытай бірлескен зертханасының қызметі мен мүмкіндіктері туралы зертхана директоры Каскенов Мурат Касымбекович жан-жақты ақпарат берді.
Сондай-ақ студенттер Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) арналған аллеяны аралап, ҚазҰУ-дың экологиялық және әлеуметтік тұрақты дамуға бағытталған бастамаларымен танысты.
Аталған іс-шара студенттердің ғылыми-кәсіби көзқарасын кеңейтіп, екі жоғары оқу орны арасындағы академиялық байланысты нығайтуға мүмкіндік берді.
Басқа жаңалықтар

