Цифрлық туризм жобасы халықаралық серіктестікке жол аштыFarabi University

Цифрлық туризм жобасы халықаралық серіктестікке жол ашты

9 маусым, 2025

2025 жылғы маусым айында география және табиғатты пайдалану факультетінде маңызды кездесу өтті. Бұл кездесуде география және табиғатты пайдалану факультетінің деканы Актымбаева Алия Сагындыковна цифрлық туризм саласындағы жаңа бастама – “TOURISMKAZ”  мобильді қосымшасын таныстырды.

Кездесуге Guangzhou Zowoyoo Network Technology Co., Ltd. компаниясының өкілдері қатысты. Компания – туристік ұйымдарға (курорттар, турагенттіктер, брондау орталықтары) интеллектуалды маркетинг пен технологиялық қызметтер ұсынатын халықаралық деңгейдегі платформа иесі.

Актымбаева Алия Сагындыковна жобаның негізгі идеяларын, мобильді қосымша арқылы туристік қызметтерді біріктіру, цифрлық инфрақұрылымды дамыту және халықаралық ынтымақтастықты кеңейту бағыттарын ұсынды. Компания өкілдері жүйенің мүмкіндіктерімен танысып, бірлесіп жұмыс істеуге қызығушылық білдірді.

Кездесу нәтижесінде тараптар алдағы уақытта бірлескен жобалар, ғылыми-техникалық серіктестік және студенттерге арналған тәжірибелік бағдарламалар бойынша жұмыс жүргізуге келісті. Бұл бастама Қазақстандағы цифрлық туризм саласын жаңа деңгейге көтеруге ықпал етпек.