Ағымдағы жылдың 6 маусым күні География және табиғатты пайдалану факультеті, Рекреациялық география және туризм кафедрасының оқытушысы Әділбай Б.С. ұйымдастыруымен, тұрақты дамудың үшінші мақсаты: «Жақсы денсаулық және әл-ауқат» аясында 1 курс студенттерінің оқу-жаттығу тәжірбиесін өткізу мақсатында «Бутаковка» сарқырамасына жорық ұйымдастырылды.
«Бутаковка» сарқырамасы өзімен аттас шатқалда орналасқан Іле Алатауындағы ең әсем сарқырамалардың бірі. Жорықта, 1 курс студенттері Кіші Алматы шатқалының көркем табиғатымен, әсем орындарымен және өзгеде туристік соқпақтарымен танысып, ақпарат алды.
Басқа жаңалықтар

30 маусым, 2025

30 маусым, 2025