Жаңа зерттеуге жол ашқан сапарFarabi University

Жаңа зерттеуге жол ашқан сапар

5 маусым, 2025

География және табиғатты пайдалану факультетінің докторант­та­ры «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС және «Доссормұнайгаз» мұнай-газ өндіру бас­қармасы базасында ғылыми-өндірістік прак­тикадан өтіп, құнды тәжірибе жинақтады.

 

Осы сапар барысында док­то­ранттар мұнай-газ өнді­рі­сін­дегі қауіпсіздік стандарттарын зерттеу, геоақпараттық жүйе­лер­ді (ГАЖ) қолдану мүм­кін­діктерін талдау, өндірістік апат­тардың алдын алу ст­ра­тегияларын қарастыру сияқты өзекті бағыттар бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізді.

Мұнай-газ өнеркәсібі – әлем­дік экономиканың маңыз­ды салаларының бірі. Бұл са­ла­да экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, өндірістік апат­тардың алдын алу және тех­нологиялық процестерді оңтайландыру мәселелері өзек­ті болып қала береді.

Бұл сапар докторанттар үшін ғылыми зерттеулеріне қа­жетті деректер жинауға және өндірістік процестерді тереңі­рек түсінуге мүмкіндік берді. Док­торант Айдана Иса­таева­ның диссертация та­қы­ры­бы­ның зерт­теуі өндіріс орын­­да­рын­дағы қауіпсіздік стан­дарт­тары, еңбек жағдай­ла­рын бағалау және апат­тардың алдын алу әдістеріне бағытталған. «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС кә­сіп­орны докторантқа өнер­кә­сіп­тік қауіп­сіздік құжаттары, апат­­тар­ды болдырмау страте­гия­лары және қауіптерді ба­ға­лау әдістері бойынша құнды материалдармен танысуға мүм­кіндік берді. Сонымен қа­тар өндірістік процестерде қа­уіп­сіздік стандарттарын сақтау мен жаңғырту шаралары көр­се­тілді.

Ал «Доссормұнайгаз» кә­сіп­­орны докторант Нұрболат Қал­манбайды мұнай өндіру саласындағы кәсіби тәуе­кел­дер, өндірістік қауіпсіздік ша­ралары және экологиялық мо­ниторинг бағыттары бойынша жұмыстарымен таныстырды. «Доссормұнайгаз» кәсіпорны докторантқа өндірістік про­цес­терді ұйымдастыру, қауіпсіздік жүйелерін жетілдіру және қор­шаған ортаға әсерді төмендету бойынша да бірқатар маңызды зерттеу материалдарын ұсын­ды.

Қазіргі таңда мұнай-газ саласындағы қауіп-қатерлерді бағалау және алдын алу үшін цифрлық технологиялар кеңі­нен қолданылуда. Док­то­рант­тар ғылыми жұмыстарында ГАЖ технологияларын қолдану арқылы экологиялық мони­то­ринг пен өндірістік қауіпсіздікті бағалаудың жаңа әдістерін зер­т­теуде.

Бұл сапар докторанттардың ғылыми зерттеулеріне үлкен серпін беріп, оларды тәжі­ри­бе­мен ұштастыруға жол ашты. Болашақта ғылыми-зерттеу жұмыстарын одан әрі жетіл­ді­ру, жаңа технологияларды ен­гізу және қауіпсіздік стан­дарт­тарын жақсарту бағытында бір­­лескен жобалар жүзеге асы­рылады.

Біз өз тарапымыздан «Дос­сор­мұнайгаз» және «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС басшылығы мен қызмет­кер­ле­рі­не нақты өндірістік жағдайда зерттеу жүргізуге мүмкіндік бергені үшін алғыс білдіреміз.

Әсима ҒАЛЫМЖАНҚЫЗЫ,

Картография және геоинформатика кафедрасының

профессоры