«Campus-in-Campus» жұмыс тобының отырысыFarabi University

«Campus-in-Campus» жұмыс тобының отырысы

5 маусым, 2025

2025 жылғы 5 маусымда CiC құрамына кіретін университеттердің, соның ішінде Цукуба университеті, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Гренобль-Альпі университеті және Бохумдағы Рур университетінің қатысуымен «Campus-in-Campus» жұмыс тобының отырысы өтті. Жиында әр университеттің алдында тұрған білім беру мен ғылыми зерттеулерге қатысты мәселелер талқыланды. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінен бұл отырысқа шығыстану факультетінің деканы, профессор Наталья Ем және Халықаралық қатынастар департаментінің директоры, PhD доктор Есбол Өміржанов қатысты. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті тек Цукуба университетімен ғана емес, CiC құрамындағы өзге де университеттермен, соның ішінде Гренобль-Альпі университетімен де алмасу туралы келісімдер жасап, CiC құрылымын нығайта түсті.